Қорқыт ата жайлы. Халықтың болашағын болжаған көріпкел

Oinet.kz 07-09-2020 1023

Қорқыт ата.jpg

Күллі түркі миллетіне қадірлі болған Қорқыт ата, қанша заман өтсе дағы әлі күнге халқының жадында. Әйтсе де, көпшілік, Қорқыт атаның қобызды ойлап тапқанынан басқа,ол кісі жайлы өзге мәліметтерге қанық емес. Қорқыт ата жайлы біраз мәліметтерді, бізге осыдан 4 ғасыр бұрын өмір сүрген Әбілғазы баһадүр хан, «Түркімен шежіресі» атты еңбегінде жеткізеді. Ол жерде, Қорқыт ата, қазіргі Қызылорда облысындағы ескі қала Янгикент маңын мекен еткендігі, түркі-оғыздардың Қайы тайпасынан шыққандығы баян етіледі. Әкесінің есімі Қарақожа болған деседі. Қорқыт ата, Салор тайпасынан шыққан Енкеш қожа және Ауашбан қожалармен бірлікте, бүкіл оғыз жұртын жиып, құрылтайда Қайыдан шыққан Инал есімді бекті «жабғу» қылып сайлайды. Қорқыт ата, 95 жас жасап, үш жабғуға, яғни Иналға, оның ұлы Дұйлы-Қайыға, оның ұлы Тұманға бас уәзірлік қызмет еткен мемлекет қызметкері болыпты. Ел арасын ақылы мен беделі арқылы жарастырып отырған би, халықтың болашағын болжап, бағыттап отырған көреген абыз болған деседі. Бірде, Тұман, жабғу болып сайланарда халық Қорқыт атағы: «Жабғу мен халықтың тағдыры өз қолыңда, қалай дұрыс деп шешсең солай шешімін шығар», – деген екен.

Ерте заманда, көшпенділерде жазу-сызудың кең дамымағандығың әсерінен, Қорқыт ата жайлы тек осындай үзік-үзік мәліметтеріміз ғана бар. Әйтсе де, осы мардымсыз деректерден-ақ Қорқыт атаның қаншалықты ауқымды тұлға болғандығын аңғаруға болады.

Рамазан Жұбандық

Базар жырау мен Есімнің қызы Айпараның айтысы
Хақты қалай табуға болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу