Өмірден түңілген жігіт пен монах

Oinet.kz 06-09-2020 773

Монах.jpg

Бір жігіт өзін ешкім бағаламайтынын айтып шалғайдағы монахқа келеді. Сол кезде монах оған:

- Қолым бос емес, бірақ сен маған көмектессең менде саған көмек берем,-дейді. Жігіт келіседі.

Монах оған сақина береді де:

- Мынаны ауылдағы базарға апар да 10 алтынға сат,-дейді. Жігіт жылқысына секіріп мініп, базарға тартады. Базардың ортасындағы биіктеу жерге тұрып айқайлайды:

- Мына сақинаны 10 алтынға сатамын, 10 алтынға,- деп жатқанда бір шаруа:

- Əй, есуас. Сен бізді ақымақ көресің бе?! Қолыңдағың 10 алтын түгілі 1 алтынға тұрмайды. Қараңды батыр бұл жерден,- деп қуып жібереді. Жігіт налыған күйі монахқа келіп, болған жайды баяндайды. Монах жігітке:

- Түсінікті. Енді сақинаны зергерге апарып 10 алтынға сат,- дейді.

Жігіт зергерге келіп, сақинаны 10 алтынға сататынын айтады. Зергер:

- Жігітім, мынауың таза алмаз ғой. Сенің 10 алтынға бағалағаның біртүрлі екен. Мен бұны 50 алтынға бағалайтын едім. Дегенмен, арзан сұрап тұр екенсің,- дейді. Жігіт ақыры 50 алтынға сатып, монахқа қуанып келеді. Монах:

- Міне, көрдің бе, сені адамдар бағаламаса қынжылма, сенің құныңды сені жасап шығарған ғана біледі. Ал басқалары далбасалайды.

Ешқашан түңілме,- деп астарлы сөздермен жігітті ауылына шығарып салады.

Сұлтан Сүлейман. Өлер алдындағы сөзі
Ойландыратын 5 оқиға. Өмір туралы тәмсіл
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу