Әке туралы естелік

Oinet.kz 06-09-2020 823

Еркемін. Кенжемін. Түк істемейтін ақсаусақпын. Әкем маған қабақ шытпаған адам. Қанша тентек болсам да көтеретін. Терезе сындыру, таспен қайырамын деп қошқардың мүйізін қағып алу деген нәрселер үйреншікті болып кеткен. Жазаламайтынын біліп мен де құтырып алғам.

Бір осындай күзді күні, 5-6 сыныпта примерно, сабаққа барғым келмеді. Желание жоқ. Мамамның "әкең өлтіреді" дегенін елемедім. Не істейді ол маған? Бір кезде әкем келді. Арсалаңдап алдынан шықтым.

- Сабақ қайда?

- Барғым келмейді!

- Барасың!

- Иғойш папа, сабақта не істеймін? Барғым келмейді дедім бе, бармаймын!

- Мә ендеше бармасаң!

Мамамның жүн сабайтын шыбығы арқама шарт ете қалды. Менде шок. Ауырғаннан емес, әкемнің қол көтергенінен шок алдым ау деймін.

"Түс алдыға" деді де мектепке дедектетіп апарып үшінші сабаққа кіргізіп жіберді. Содан бері ешқашан ешқандай сабаққа кешіккен һәм нашар баға алған емеспін.

Өзі кәрі шешесіне қарап оқи алмаған әкемнің білімге деген құрметі бөлек еді. Кенже баласы, ерке ұлының қанша көңіліне қараса да білімді жоғары қойғанын кеш те болса кейін түсіндім. Мүмкін сол шыбық болмағанда түсінбей де кетер ме едім...

Алмас Тоқабайұлының парақшасынан

Садық Хедаят өмірі мен шығармашылығы
Адамды бақытты ететін 3 сөз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу