Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Әйел халқын айтамында, жаратылысы бір қызық. Базарға кірсе бәрін сатып алғысы келіп тұрадығой. Қасындағы "бірдемені алып бер" деп қыңқылдаған балаға, "қайтесің оны, болмайтын нәрсені сұрай берме!" деп ұрсып қояды. Ал, өзіне солай айтсаң, әйтеуір сол бізге ең керекті зат болып шығады.
Саудаласқанда енді танымай қаласың. "мынау біздің қатынба?" дегендей. Әлгінің саудасын түсіріп алғанын көріп, "қайтсін енді, бір тиынымды екі етіп жатырғой" деп ішіңде жылып қалады.
Үйге келіп қалай базарлағанын тағы жырлайды.
--Пәленшенің қатыны сененде арзан алыпты! -деймін, әдейіге.
--Аа, деп, ойланып қалады. Түрінен оны ұнатпай қалғаны байқалып тұрады. -Ол, самапалын алғанғой деп қояды сосын. Сәлден кейін қарасаң, әлгі пәленшенің хатынына збандап жатқанын көресің. Әйтеуір бір шаршамайды ғой)
Бұл бір әйел затын сынағаным емес. Көз алдымдағы көрініске қызыққан соң жаза салдым да.
Шындығында менің қазақ әйелдеріне деген құрметім шексіз! Аман болыңыздар, ардақты аналар!
Айдар Темірбекұлы