Жаңа жыл туралы эссе. Жаңа жыл - жаңа бақыт

Oinet.kz 05-09-2020 1240

Жаңа жыл! дегенде елең етпейтін жан жоқ шығар. "Біздің мейрам емес!" десекте, Жаңа жыл бала күннен тойлап жүргендерді бей жай қалдырмайтыны рас. Тойламай кеттседе ойға алып жүретініне сенімдімін. Өйткені, өткен күннің естеліктерін ешкімде жадынан өшіріп тастай алмайды. Көлеңкедей көлбеңдеп көз алдыңа келедіде тұрады. Осы бір күнді сағына күтендерде баршылық. Олар келер жылдан көп жақсылық күтіп, жаңа жылға көп үміт артады. Тіпті, оған дейін ештеңе болмағандай, одан кейін ештеңе болмайтындай асыға аңсап жүреді.

--Жаңа жыл құтты болсын! десең жадырап қалады. Олда бар ықыласымен жақсылық тілеп жатады:

--Сіздіңде алдағы жылда денсаулығыңыз мықты, бақытыңыз үстем болып, күш-қуатыңыз таусылмасын, қанатыңыз талмасын -деп тілеймін. Өткенге риза болып, жаңа Жылға бәріміз таза ниетпен, нық қадаммен аттайық. Жаңа Жылға елмен бірге жаңа табыстарға жете берейік! деп екпіндеп барып бірақ тоқтайды)

Несі бар- жап жақсы тілек. Біреу, жақсы бол деп жатса, "тәйт!" дегеніміз күпірлік болар. Тек, айтар бізден, бұйыртары Алладан екенін ұмытпасақ болғаны да. Жаңа жыл құтты болсын, жақсыларым!

Айдар Темірбекұлы

Қағаз гүл. Махаббат туралы эссе
"Ерім" деген ел болмаса
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу