Болатбек Әлиев елді тағы шулатып жатыр
21-06-2023
Оңтүстік Қазақстан облысында әкімдік пен түрлі басқармада жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлер қан орталығына келіп, донорлар қатарына жазыла бастады. Облыс әкімінің орынбасары Уәлихан Қайназаров бастап, алғашқы шенеуніктің бірі ретінде қан тапсырды.Әзірге ерікті донорлардың тізіміне 400-ден астам шенеунік жазылыпты.
Қан орталығы осыдан екі ай бұрын пайдалануға берілген.1 миллиард 750 миллион теңгеге салынған орталықтың медициналық жабдықтары халықаралық талапқа сай. Аз уақыттың ішінде қан орталығына 2,5 мың донор 1800 литр қан тапсырыпты. Соңғы жылдары донорлардың қатары екі еседей азайып кеткендіктен облыста қан мен одан алынатын қажетті заттардың тапшылығы пайда болған еді.Сол себепті де,мемлекеттік қызметкерлер донорлардың сенімділігін арттыру үшін,елге үлгі ретінде өздері ерікті түрде келіп, қан тапсыра бастады. Денсаулығы көтеретін донор алдымен тіркеліп, дәрігерге қаралады.Тиісті құжаттар толтырылған соң, қан тапсырады. «Бейкүнә балалардың атың өшкір жұқпалы ауруға жаппай шалдығуы сапасыз қан құюы салдарынан болған» деген диагноз жұрттың жүрегін шайлықтырып тұрған тұста шенеуніктердің қан тапсыруы халықтың үріккен үмітін үрлеп оятса қанекей.
"Рейтинг" газеті