«Қауіп қызыл деңгейге жетті»: Еуропадағы ең биік жанартау оянып, атқылап жатыр

Oinet.kz 02-06-2025 213

Италияның Сицилия аралында орналасқан Еуропадағы ең биік жанартау Этна тағы да оянып, аралдағы қауіп қызыл деңгейге өтті, деп хабарлайды Оinet.kz тілшісі La Sicilia басылымына сілтеме жасап.

Screenshot_15.jpg

Жанартау кратерінен лава атқылап жатыр. Катания қаласындағы Ұлттық геофизика және жанартаутану институтының мәліметінше, атқылау кезінде пайда болған газ-күл бұлты Этнадан оңтүстік-батыс бағытта таралып жатыр. Сицилияның бірнеше елді мекенінде күл жауып жатыр.

Сарапшылардың айтуынша, жанартаудағы Стромболи типіндегі жарылыстар көбейген, Оңтүстік-Шығыс кратерінде лава фонтаны байқалып, алып саңырауқұлақ тәрізді газ-күл бұлты түзілген.

Сейсмикалық белсенділік жоғарылап, жер дүмпулерінің амплитудасы өсіп келеді, ал олардың эпицентрі шамамен теңіз деңгейінен 2800 метр биіктіктегі кратер маңында орналасқан.

Жанартаутану мамандары ұшақтар үшін ең жоғары қызыл қауіп деңгейін жариялады. Бірақ әзірге жанартаудың атқылауы әуежай жұмысына әсер етіп жатқан жоқ. Катаниядағы Винченцо Беллини атындағы халықаралық әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр.

Толассыз жауған жаңбырдан отыздан астам адам қаза тапты
Парижде жаппай тәртіпсіздік орын алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу