Жәрмеңке өтті

Oinet.kz 11-10-2024 198

image.png

Облыс орталығы Түркістан қаласында баға нарығын тұрақтандыру мақсатында азық-түлік жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде халық жиі тұтынатын күнделікті ұн, май, макарон өнімдері, көкөністер мен жеміс-жидектер, сүт және ет өнімдері нарықтағыдан арзан бағада сатылды. Облыстың түкпір-түкпірінен келген өнім өндірушілер мен кәсіпкерлер қала тұрғындарына осылайша үлкен жеңілдіктер жасады. 

«Бүгін жәрмеңке өтетінін есітіп, арнайы келдім. Мұнда картоп, сәбіз, пияз секілді қажетті азық-түліктің бағасы арзандау керек. Іздегенімнің барлығын таптым. Жәрмеңке халыққа тиімді болып тұр. Сондықтан осындай шаралар жиі өтіп тұрса деген ұсынысым бар»,- дейді қала тұрғыны, көп балалы ана  Алтынгүл.

«Қаламызда тұрақты түрде жәрмеңкелер өткізіліп тұрады. Жәрмеңелерде әдетте азық-түліктер нарықтағы бағадан 20-30 пайызға арзан саудаланады. Бұл жолы жәрмеңке өтетін орынды көп балалы аналар, аз қамтамасыз етілген отбасылар көбірек қоныстанған елді-мекенді таңдадық. Қаізр мұнда бөлке нанның бағасы 70 теңге, еттің келісі 2000 теңгеден, күнбағыс майы 570 теңгеден, картон пен сәбіз 100, қырыққабат 50, жұмыртқа 40 теңгеден сатылып жатыр.   Жалпы алғанда жәрмеңкеге әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік өнімдері қойылды,- «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамының тұрақтандыру қоры департаментінің директоры Лаура Жанасбаева.   

Бүгінгі таңда Түркістан қаласында  азық-түлік қауіпсіздігі және әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдеріне қатысты бағалардың өсуіне жол бермеу жөніндегі шаралар тұрақты жүргізіліп келеді.  Шаһарда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары жоғары болуына байланысты шекті сауда үстемесінің жол берілетін мөлшері өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда жолымен сатып алу бағасының он бес пайызынан аспауы бойынша тиісті іс-шаралар қабылданған. Атап айтқанда, ақпаратты тауар өндірушілердің, сауда субьектілерінің және жергілікті тұрғындардың назарына жеткізу үшін жадынамалар мен қоғамдық мониторинг жасау алгоритмі ұсынылған. 

Қазіргі таңда, қала аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Түркістан қаласы әкімдігі тарапынан ӘМАТ бағасына мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында Түркістан қаласы бойынша бастапқы бағасынан  15 пайыздық үстемақыдан асырмау қажеттігі туралы  25 әмбебап дүкен иелерімен меморандум түзілген. Сонымен қатар, 30 әмбебап дүкен иелері «Әлеуметтік бұрыш» ашуға өз келісімдерін беріп, әлеуметтік маңызы бар тауарларды жеткізуші («АДАЛ-АЗЫҚ» ЖШС (Күнбағыс майы, гречка, күріш), «Али Сауда» ЖК,  ЖШС «Ет»  комбинаты, ЖК «Мамуржан», ЖК «Жамашова», ЖК «Сапаралиева», ЖК «Куаныш», «Сайрам-Сут» ЖК және «Ғажайып-П» ЖШС-мен) мекемелермен келісім-шарт түзілген. Бүгінгі күні, Түркістан ӘКК, Баға тұрақтандыру қоры қаламызда орналасқан «Қуаныш» ЖШС-і базарыннан және 4 ірі  сауда (Дастархан, Бәйтерек, Береке, Әсем) орындарында әлеуметтік сиыр етін сататын нүкте ашылып, 2200 теңгеден сатылуда. Нан бағасын тұрақтандыру мақсатында, қала әкімдігі тарапынан «INSAF LTD» ЖШС-і, «Ғажайып» ЖШС-і, «Яссы» ЖШС-і, «Абдрахман» ЖК наубайханаларымен 4 жақты келісім-шарт түзіліп, 2023 жылдың қазан айынан бері 85 теңгеден тәулігіне 25 000 дана нан өнімдерін Түркістан қаласында орналасқан 125 сауда (базарға 600, бала-бақшаға 6 500, дүкендерге 17 900 дана) орындарына жеткізілуде.

Өткен  жылы  қалада қаңтар-желтоқсан айына шағын және орта кәсіпкерлік  субъектілерінің өнім шығару көлемі 139 миллиард  168,0 миллион теңгені құрап, облыс бойынша, бөлшек саудадағы қаланың үлесі  11,4 пайызды құрап, 2 орында. Түркістан қаласының тұрғындарын азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету үшін, қала аумағында 25 ірі супер маркет, 4 көтерме сауда базары (Алтын бұлақ, Барлық(Яссы), Эко Базар, Қуаныш базар) және 187 дүкен қызмет көрсетуде. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары халыққа қолжетімді болу мақсатында қаламызда  23 әлеуметтік дүкен (Түркістан ӘКК, Баға тұрақтандыру қоры) 4 ірі сауда нүктелерінде (Дастархан, Бәйтерек, Береке, Әсем) арзандатылған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары  тұрақты түрде жеткізіліп, қадағалау жұмыстары жүргізілуде, тұрғындар сұранысына сәйкес қосымша 3 әлеуметтік дүкен ашу бойынша конкурс жүргізілуде. 2023 жылы қаңтар-желтоқсан айына бөлшек сауданың көлемі 320 702,6 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен  салыстырғанда  109,7 пайызды  құрады. Жалпы облыс бойынша, бөлшек саудадағы қаланың үлесі  49,9 пайызды  құрап, 1 орында. Көтерме сауда ағымдағы жылдың қаңтар-желтоқсан айына 130 590,8 миллион теңге, нақты көлем индексі 110,8 пайызды  құрады.  Бұл көрсеткіш бойынша облыстың көтерме сауда көлемінде қаланың үлесі 49,9 пайызын құрап,  аудан мен қалалар бойынша 1 орында.

Түркістан қаласы бойынша негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі ағымдағы жылдың қаңтар-желтоқсан айында 355,8 миллиард  теңгені құрады. Жоспар – 348,9 миллиард теңге,  орындалуы (111,9 пайыз). Оның ішінде: республикалық бюджет 59,1 миллиард  теңге (16,6 пайыз), жергілікті бюджет 88,3 миллиард  теңге  (24,8 пайыз), жеке инвестиция 202,1 миллиард теңге (56,8 пайыз), сондай-ақ жалпы 6,2 миллиард  теңге (о.і. басқада қарыз қаражаты есебінен 4,8 миллиард теңге (1,3 пайыз, банк кредиттері 1,4 миллиард теңге (0,4  пайыз) тартылған. Жалпы инвестиция бойынша облыстағы қаланың  үлесі 36,6 пайызды  құрап, аудан, қалалар бойынша бірінші орында.

«Besto Group» - өзі өңдейді, өндіреді
Шетелдік компаниялар көбеюде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу