Зәуре Оралбаева: «Тілшілерге ынтымақ жетіспейді»

Oinet.kz 08-08-2019 1232

Screenshot_11.jpg

Зәуре Оралбаева, «Отырар» телеарнасының Бас редакторы

-         Өзіңіз де, өмірлік серігіңіз - «Қазақстан» Ұлттық арнасының телеоператоры Нұрлан Нұрбеков ағамыз да  бір саланың мамандарысыздар. Сізге қызмет пен отбасылық өмірді үйлестіру қиынға соқпай ма?

-         Жұмысымыз осы уақытқа дейін айрандай ұйып отырған отбасымызға ешқандай кедергі келтірген емес. Түсіністік, сыйластық және ынтымақ  өзара үйлесімділіктің кілті.

-         Әйел заты үшін журналистика ауыр сала деп ойламайсыз ба?

-         Мен кезінде журналистика ерлерге тән мамандық деп ойлайтынмын. Сонда қоғам қайраткері Дархан Қамзабекұлы ағамыз «Жоқ, Зәуре, қателесесің. Журналистика ер, қыз деп бөлетін сала емес. Ол – журналистиканы ардың ісі екенін сезінетін, жауапкершілікті жоғары қоятын  адамдарға ортақ іс» деп жауап бергені бар еді. Бүгінде осы сөздің растығына көзім жетті. Мейлі ол әйел заты болсын, ер кісі болсын журналистиканы жан-тәнімен сүйіп, ыстығы мен суығына төзе білсе нағыз өз ісінің шебері атанбақ. 

-         Бүгінгі қазақ журналистикасының кемшіл тұстары не?

-         Біздің қоғамда қазақ тілді БАҚ-ты орыс тілді басылым, телеарналармен көп салыстырады. Айтатыны қазақ тілді журналистердің деңгейі орыс тілді тілшілерге қарағанда төмендеу дейді. Мен бұл пікірмен мүлдем келіспеймін. Ақпараттық жанрды айтпағанда публицистика, очерк жазуда  қазақ тілді әріптестеріміздің қаламы ұшқыр, ойы өткір, өресі әлдеқайда биік деп білемін. Ал Оңтүстік өңірдің журналистикасына келетін болсақ, рас біз сынға көбірек ілігеміз. Мұның басты себебі және кемшілігі тілшілердің арасында ынтымақтың жоғалып бара жатқандығы. Мен әріптестерімнің кәсіби деңгейін төмендеткім келмейді, алайда біздердің бір-бірімізді сынап, мінеп жататын тұсымыздың барын мойындау қажет. Осындай сәттерде елдің, жердің мәселесін қозғаудан, елдік мүддеден алшақтап, жеке бастың мүддесіне ауытқып кетеміз. Журналистикада кек, өшпенділікке жол берілмеу қажет. Керісінше қарапайым халықтың проблемасын бірігіп жазып, оны шешудің жолын бірге іздестірсек бір-бірімізге де, елге де сыйлы боламыз. Сондай-ақ жас мамандарға айтарым бір ғана университет берген біліммен шектеліп қалмай үнемі ізденіс, оқу-тоқу үстіне жүрсе ғана еңбегі жемісті болмақ.  

Мұрағаттан, 2016 ж

​Төребек Байтасов: «Жібек жолы» әкемнің аманаты»
Оңалбай Аяшев: «Тілді үйренуден қорқақтап, қашқақтаудың жөн-жосығы жоқ»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу