Сапалы өнімге қашанда сұраныс жоғары

Oinet.kz 22-06-2024 39

image.png

Шағын және орта кәсіпкерлік - кез-келген мемлекеттің экономикасының негізгі драйвері. Ел ішінде кәсіпкерлер көбейгенде, жұмыссыздар саны қысқарып, қазынаға түсетін салық көбейеді. Сонымен қатар, шел елдерден тауар әкелу азайып, керісінше, экспорт көлемі артады. Бұл өз кезегінде елдің экономикасының қарқында түрде дамуына зор ықпалын тигізеді. 

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек  өткен  жылдың қаңтар-желтоқсан айларында елде 82,6 миллиард  теңгеге жиһаз өндіріліпті. Бұл бір жыл бұрынғыдан 27,7% артық дейді мамандар. Өнеркәсіп өндірісінің индексі (ӨӨИ) 143,5 пайызды құрап отыр.

Өңірлер бойынша ең көп жиһаз дәстүрлі түрде Алматыда шығарылды: 22,8 миллиард теңге, бір жылда 29,5 пайызға  көбейген. Одан кейін Алматы (8,5 миллиард теңге, 59,8 пайызға  көбейген) және Түркістан (6,9 миллиард  теңге, 48,7 пайызға көбейген) облыстары.

Ақшалай ең көп кеңселер мен бөлшек сауда кәсіпорындарына арналған жиһаз шығарылды: 31,5 миллиард  теңге – бір жыл бұрынғыдан 32,3 пайызға  артық. Тағы 8,2 миллиард  теңгеге ас үй жиһазы, 6,2 миллиард теңге матрас өндірілді.

Металл қаңқасы бар отыратын жиһаз өндірісі 87,7 мың өнімге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан 22,3 пайызға артық.

Ағаш кеңсе жиһазының өндірісі 14,4 пайыз, 15,1 мың бұйымға, ас үй жиһазы – 40,3 пайыз, 9,1 мың бұйымға, төсек пен шкафтан басқа ағаштан жасалған жатын жиһазы – 44,1 пайыз, 3,2 мың бұйымға дейін өсті.

Асхана мен қонақ бөлмеге арналған ағаш жиһаздың шығарылымы өткен жылмен салыстырғанда 6,2 пайызды құрады – 1 пайызға аз.

Түркістан қаласында соңғы жылдары жиһаз өндірісі қарқынды дамып келеді.  Түркістан қаласындағы жасалған жиһаздарға бүгінде көпшіліктің сұранысы жоғары. Мемлекеттік қолдаудың аясында кәсіпорындар соңғы үлгідегі заманиу құрылғылармен жабдықталып, жоғары сапамен жұмыс жасауда. Атап айтар болсақ, Түркістанда орналасқан  «Cordial Turkestan»» кәсіпорны ортопедиялық матрас, паралон және жұмсақ жихаз шығарумен айналысады. Кәсіпорын басшысы Ходжаахмед Исматуллаевтың айтуынша, бұл кәсіпкерлік нысан 2017 жылы желтоқсан айында индустриалды аймақта ашылды. Кәсіпорын аумағы 3,7 гектарды  құрайы. Қазір 2 гектар  игеруге жұмыстар жүргізіп жатыр. Индустриалды аймақта техникалық жайлылық бар. Жарық, су тартып әуре болмайды. Көптеген кәсіпорындар шоғырланғандықтан барлық фактор ескерілген. Техникалық себеппен төтенше жағдайлардың болу ықтималдығы төмен.

«Осыдан 15 жыл бұрын Түркиядан жиһаз жеткізуден бастадым. Астана, Ташкент қалаларында дүкендеріміз орналасқан. Италия мен Швециядан ортопедиялық матрац алып келеміз. Бірақ бұл тасымал өзіміз матрац жасап шығарғанға дейін жалғасады.

Біз матрацты әлемнің бесінші елі болып өндіріп бастаймыз. Азияда кеңінен экспорттауға мүмкіндік бар. Жиһаз өндірісі маусымдық бизнес. Ал матрац уақыт талғамайды. Бизнесте әрқашан трендте. Еуропадан қымбат бағаға келеді. Біз арзанырақ бағаласақ сұраныс көлемі артады», - дейді кәсіпорын басшысы.

Ең арзан дивандар – 50 мың. Ең қымат диван талғамы биік сатып алушының тарапынан жасалған. Үй интернінін ескеріп арнайы жасалған жиһаз құны 1,5 миллион теңгеге бағаланды. Қаңтар айынан бастап сұраныс азаяды. Мамыр айынан бастап сұраныс күрт өседі. Бұл жұмысшы санына әсер ететін фактор. Сұраныс бар кезде 25 жұмысшы, сұраныс жоқ кезде 10 жұмысшы шаруа атқарады, - дейді кәсіпорын басшысы. Ол жұртты кәсіп жасаудан қорықпауға шақырады. Оның айтуынша, тәжірибе барысында барлығын меңгеруге болады. Не себепті бизнес жасайтынын түсінген адам қалай жасау керек екенін автоматты түрде болжай алады. 

Қазіргі таңда Түркістан индустриалды аймағында кәсіпкерлерге барлық жағдай жасалып отыр. Ең бастысы, істі қорықпай бастап кету керек. Оған мемлекет тарапынан барлық көмек көрсетіледі.

Түркістанда шұлық тоқылады
Экобазарда жәрмеңке өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу