Қалада құрылыс қызып тұр

Oinet.kz 25-05-2024 66

image.png

Түркістан қаласының облыс орталығы атануы шаһардың барлық салада өркендеуіне жол ашты. Әсіресе  саудаға, кәсіпке икемді келетін жергілікті тұрғындар үшін кәсіп ашуда көптеген қолдаулар көрсетілуде.  Түркістан теміржол, автокөлік бойынша күре жолдың бойында жатыр. Сондықтан, барыс-келіс пен заттарын жөнелтіп, өзге аймақтың тауарын алуда  кәсіпкерлерге қиындық тумайды.  Қаланың төңірегі жол, құрылыс салуға лайықты қиыршық тасқа толы. Сондықтан, құрылысқа қажетті заттарды өндіруде де бұл қала көштен қалмаған. Қазіргі таңда көне шаһарда құрылыс жұмыстары қызу жүруде. Оған жұмсалатын кейбір құрылыс материалдары өңірдегі «Ныш-Ер»,  «Стройсервис 21»,«Яссы құрылыс» ЖШС мекемелерінен алынады.  Сондай-ақ қалада орналасқан  "Kadiris"ЖШС кірпіш өндеу зауытының да жергілікті экономикаға қосып отырған үлесі зор. Кәсіпорын жылына  10 миллион данаға дейін кірпіш шығарады. Өнімдері қала және шет аймақтарға таралуда. Қала құрылысында «Әзірет жол құрылысы»  ЖШС да өз үлесін қосып келеді. Отандық зауыт шлакоблок, жолаяқтар плиткалары, бордюрлар өндіреді. Жобаның қуаттылығы жылына  2200 мың м3 құрап отыр. 

Облыс орталығының дамуы қарқынды
Түркістан индустриалды аймағында ауқымды жобалар көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу