Облыс орталығының дамуы қарқынды

Oinet.kz 20-06-2024 84

image.png

Өткен жылы Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнім көлемі 370 миллиард теңгені құраған. Бұл жайлы облыс әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді. 2021 жылмен салыстырғанда, руһани астанада жалпы өңірлік өнім көлемі 38 пайызға артқан. Биылғы жылдың 4 айында бұл көрсеткіш 15 пайызға артып, 78 миллиардқа жеткен.

Құрылғанына 5 жылдан асқан облыс орталығында кәсіпкерлердің де саны артыпты. Шағын және орта бизнестің 22 мыңнан астам субьектісі тіркелген. Былтыр олар өндірген өнім көлемі 225 миллиард теңгені құраған. Өнеркәсіп өнімінің көлемі өткен жылы 26 миллиард теңгені құрап, жоспар 1,8 миллиардқа артығымен орындалды. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі болса, былтыр 356 миллиард теңгені құрап, жоспар 7 миллиардқа артығымен орындалып отыр.

Байқасаңыз, Түркістан қаласының экнономикалық көрсеткіштерінде оң өзгеріс көп. Бұл сандарды, назарларыңызға бекер ұсынып отырған жоқпыз. Көрсетілген миллиардтар артында орасан еңбектер бар және қала халқының әлеуметтік жағдайына тікелей әсер ететін факторлар.

Тағы бір тоқталатын маңызды мәселе тұрғын үй. Былтыр қалада құрылыс жұмыстарының көлемі 218 миллиард теңгеге жеткен. Жоспар 13 миллард теңгеге артығымен орындалып ғана қоймай, пайдалануға берілген тұрғын үй саны да артқан. Яғни,  құрылысы біткен тұрғын үйлердің шаршы метрі 417 мыңға жетіп, жоспар 23 мың шаршы метрге артығымен орындалыпты.

«Қазіргі таңда қаламызда тұрғын үйге 16 645 адам тұрғын үйге мұқтаж азмат ретінде тіркелген. Сол азаматтарды пәтермен қамту мақсатында 2024-жылы 1314 пәтерді сатып алу үшін 30,2 миллиард теңге бюджеттен қаралған. Қазір сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек «Отбасыбанк» арқылы 3317 пәтер сату жсопарланған болатын. Бүгінгі таңда 2351 пәтер сатылды. Қалған пәтерлер жыл соңына дейін сатылатын болады»,— дейді Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков.

Сондай-ақ, қалада 8 мектеп салу қажет. Бүгінде жайлы мектеп бойынша 3 білім ошағының құрылысы басталған. Тағы 5 мектепті салу көзделіп отыр.

Ал өткен жылы жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызға түскен. Былтыр қаладағы 4150 отбасыға  атаулы әлеуметтік көмек тағайындалса, биыл 1745 жанұя бұл көмекке қол жеткізіп отыр. Мұнан өзге, 5973 балаға азық-түлік және тұрмыстық химиялық жиынтықтар берілген екен.

Түркістанда маңызды нысандар салынады
Қалада құрылыс қызып тұр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу