Маңызды меморандумға қол қойылды

Oinet.kz 06-07-2024 135

image.png

Астанада «Шанхай ынтымақтастық ұйымы» Cаммиті аясында Қазақстан-Қытай бірлескен іскерлік кеңесі өтті. Биыл 7-ші рет өтіп жатқан кеңеске Қытайдың өнеркәсіп саласындағы алпауыт компаниялары қатысты. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР басшысы Си Цзиньпиннің өзара іскерлік байланысы екі ел арасындағы экономикалық байланысты нығайта түсуде. 

Бүгінде Қазақстан-Қытай іскерлік Кеңесі Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының бизнес-топтарының өкілдері үшін диалог алаңы, сондай-ақ екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың маңызды құралына айналған. Маңызды жиынға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнай ықатысып, маңызды келіссөздер жүргізді. Іс-шара қорытындысы бойынша қытайлық бизнесмендермен жалпы құны 

1 миллиард 615 миллион АҚШ долларын құрайтын 4 ірі инвестициялық жоба бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 

Атап айтсақ, Түркістан қаласында  бес жұлдызды қонақ үй кешені мен аквапарк және бейнебақылау камераларын шығаратын зауыт салынбақ. Жобаның жалпы құны 270 миллион АҚШ долларын құрайды. Қазіргі таңда арнайы экономикалық аймақтан 11,8 гектар жер учаскесі нақтыланған. Онда 18 қабатты қонақ үй, аквапарк және вилла кешені бой көтереді деп жоспарлануда. Ал ауқымды инвестициялық жоба «Chian Chuangshi Construction Group» компаниясына тиесілі.

Түркістанның әлеуеті арта түсті
Индустриалды аймақтардың жұмысы жанданады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу