Индустриалды аймақтардың жұмысы жанданады

Oinet.kz 05-07-2024 98

image.png

Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын көбейтуге басымдық берілген. Осы бағытта жан-жақты жұмыс жүруде. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өңірдегі индустриалды аймақтар мен бас шаһардағы «Turan» арнайы экономикалық аймағын инфрақұрылыммен қамту, жаңа кәсіпорындар ашу мәселелері талқыланған мәжіліс өтті. Облыс әкімі жауапты басқармалар мен аудан, қала басшыларына жұмысты ширатуды тапсырды. 

– Өңірдің дамуы өндіріс орындарының ашылуымен тікелей байланысты. Нақты тапсырмалар берілген. Индустриалды аймақтардың жұмысын жандандыра алмаған басшыларға тиісті шара көріледі. Болмайды былай, әрекет етіңіздер. Инвесторлар тартыңыздар. Инфрақұрылымын жетілдіріңіздер. Нақты жоспар, ұсыныстар, жүйелі жұмыс қажет, – деді Дархан Сатыбалды. 

Мәжілісте Түркістан облысындағы 10 индустриалды аймақ пен «Turan» арнайы экономикалық аймағының қазіргі жай-күйіне талдау жасалды. Облыста өндірісті дамыту, кәсіпкерлерді қолдау мақсатында индустриалды аймақтар құру жоспарланып, аудан қалалар тарапынан техника-экономикалық негіздемелер және соның негізінде жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленіп, нәтижесінде, облыс бойынша  индустриалды аймақтар құрылған. 

Қазіргі таңда шағын өндірістік парк құрылысы жүзеге асырылуда. Өндірістік парк аумағында 42 өндірістік ғимараттар салынуда. Өндірістік парктің 1-кезеңі аяқталып, 14 ғимарат іске қосылды.

Облыста индустриалды және өндірістік аймақтарды кеңейту, газбен, сумен, электрмен, инфрақұрылыммен қамту және жаңа инвесторлар тарту жұмыстары жалғасады.

Маңызды меморандумға қол қойылды
Тарихи қалалар әріптестікті нығайтпақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу