«Арғымақ саумал» шипайжайы ашылды

Oinet.kz 12-04-2024 170

image.png

Медициналық туризм де бүгінде сұранысқа ие бағыттардың бірі.  Алатаудың бөктерінде жайлап жатқан   Төлеби ауданы балдай тәтті қымызымен мақтана алады. Ия, ауданда бүгінде сауықтыру туризмі жолға қойылған.  Тау етегінде, әсем табиғат аясында  таза ауамен тыныстап қана қоймай өлкенің танымал қымызынан татып, ем алғанды құп көретіндердің саны жыл санап артып келеді. Сұраныс артқан сайын ауданда саумал орталықтары да көптен ашылуда.  Әсіресе,  Қоғалы ауылдық округіндегі  Диханкөл ауылы осы  төрт түліктің  төресі жылқы саумалымен танымал.   Жақында  мұнда тағы бір орталық ашылды.  «Арғымақ саумал» деп аталатын  шипайжай есігін дертіне шипа іздеген жандарға айқара ашты.   Жеке кәсіпкер Жұмабек Жақсыбеков емдеу орталығының құрылысына өз қаражаты есебінен 150 миллион теңге жұмсаған. 

Орталық бір кезеңде 50 адамды қабылдап, емдеуге мүмкіндігі бар. Саумалмен емделушілер республикамыздың барлық аймақтарынан келіп, орталықта тынығып, ем алуда. Шипажайда емделушілерді бір күнде төрт мезгіл саумал, үш мезгіл ыстық тағаммен қамтып, жатын бөлмелері қажетті жуын бөлмелері мен WI-FI желісіне қосылған. 

Аудан басшысы Төлеген Телғараев аталған шипажайға барып, кәсіпкермен тілдесті. Жұмысына сәттілік тілеп, қажетті қолдаулар көрсетілетінін атап өтті.

Айта кетейік, бұл орталыққа жылдың кез-келген мезгілінде келуі үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған.

Төлебиде туристер санын 80500-ге жеткізу көзделген
Саумал - Диханкөлдің бренді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу