Төлебиде туристер санын 80500-ге жеткізу көзделген

Oinet.kz 11-04-2024 179

image.png

Алдағы жылдарда Төлеби ауданындағы туристік сала үлкен қарқынмен дамуы тиіс. Осында келетін туристердің санын алдағы 5 жыл көлемінде 36700 адамнан 80500-ге жеткізу көзделген. Ол үшін жаңа туристік бағыттар әзірленіп, тиісті инфрақұрылымды дамыту қолға алынуда. Тауға баратын жолдарды абаттандыру, туристік бағыттар бойында қымыз өндіру нүктелерін көбейту секілді шаралар атқарылуда. Айталық облыстық маңызы бар КХ-31 «Қасқасу қысқы демалыс аймағы» автомобиль жолының 10,2 шақырымы жөндеуден өткен. 

Қазіргі таңда Төле би ауданы аумағында демалушыларға қызмет көрсететін орындар саны - 140. 2023 жылы бұл саланы дамытуға бағытталған инвестиция көлемі 3 млрд 529.6 млн теңгені құрап, жыл көлемінде 8 ірі демалыс аймағы іске қосылды.

Сондай-ақ 2025 жылға дейін осы салада құны 4,5 миллиард теңге болатын 10 жобаны (демалыс аймақтары, қонақ үй мен спорт комплекс, оңалту-сауықтыру орталығы) іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде келуші туристер санын 55 мың адамға жеткізу көзделіп отыр.

image.png

Қасқасуда 17 демалыс орны бар
«Арғымақ саумал» шипайжайы ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу