Тоқаев та Путинге мінез көрсетті

Oinet.kz 05-04-2022 10981

АҚШ-тың The National Interest журналында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Еуразиядағы құбылмалы жағдай Қазақстанның дамуын бәсеңдетпейді» атты мақаласы жарық көрді. Мақала Украина-Ресей арасындағы соғыс, 16 наурыздағы жолдауда айтылған реформалар, олигархтардың байлығын елге қайтару және елдің әлеуметтік-экономикалық мәселесін шешудің жаңа жолдары туралы айтылған.

Screenshot_5.jpg

«Әлемдегі ең ұзын шекарасы бар елдер ретінде Қазақстан мен Ресей өзара ерекше қарым-қатынаста. Сондай-ақ біздің Украинамен терең де дәстүрлі достық қарым-қатынасымыз бар. Әлемнің көптеген елдері қатарлы біз Украинаның территориялық тұтастығын құрметтейміз», – деп жазады президент.

Мақала Тоқаев Ресей мен Украина арасында соғыстың тез әрі әділ жағдайда БҰҰ жарғысына сай шешілетініне үміттенетінін айтқан. Әрі Путинмен де Зеленскиймен де байланысып отырғанын жазған.

Осылайша Тоқаев шекара мәселесіне келгенде үнсіз қалмай Ресейге мінез көрсетті. Еске сала кетейік, бұған дейін Президент әкімшілілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов пен Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Донбасты республика ретінде мойындамайтынын мәлімдеген болатын.

Әйтеновтың қай орынбасары қызметінен кету керек?
Сатыбалды мен Әйтеновтың арасында не байланыс бар?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу