«ҚазТрансГаз Аймақ»-тың шартымен келіспейміз!

Oinet.kz 11-11-2021 1562

Screenshot_1.jpg

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Шымкент өндірістік филиалы директоры Е.Б. Ибраевқа

14 қазан 2021 жылы "Оңтүстік Рабат" газетінде жарияланған ҚТГ-А АҚ ШӨФ- ның газ жеткізуші ретінде тұрмыстық тұтынушылар тарапына арналған ақылы қызметіңізге «Тауарлық газды бөлшек саудада өткізу шарты" офертаңызға байланысты;Шымкент қаласы тұрмыстықтұтынушылары ҚР Азаматтық кодексінің 3-бап 2.5 тармақтарына; 399 бап 1, 2 тармақтарына және 161 бап негізінде Шарт жобасының бірен-саран, ішін-ара бөлімдеріне акцептант ретіндегі тұтынушылардың жиылысында қабылданған осы келіспеушілік протоколын ұсынып, қабыл алуыңызды сұранады.

1. Б.Тараптардың жауапкершілігі бөліміне

Шартжобасының 18 пункті мазмұнын мына сөздермен ауыстыруға: тұрмыстық тұтынушыға газды арналған мөлшерде, қажетті талап етілетін сапалы және үздіксіз пайдалану құқығы негізсіз бұзылған жағдайда, жеткізуші тұтынушының шығыны мен тұрақсыздық төлемін төлейді, деп жазылсын.

Себебі: ШӨФ таярлаған Шарт жобасындағы осы 18 пунктегі ҚР ЭМ-нің 2014 жылғы 3 қарашадағы N2 96 бұйрығындағы 47-тармағының 1 тармақшасын қолдана отырып , тұрмыстықтұтынушыға қайта есептеуді газ желісінің ең жоғарғы газ жіберу қабілетімен есептеп қарыз іліп қойып тө/іету амалы негізсіз, дискринимациялық, коррупциялық нышаны болғандықтан алынып тасталсын.

Себебі: пайдаланған газ көлемін газопроводтың газ жіберу қабылетімен есептеу тұрмыстық тұтынушыға шамадан тыс шығын келтіретін шарттық жағдай. Мысалы ,осы 18 пункт негізінде .« қайта есептеуді газ желісінің газжіберу қабілетімен есептеп" , филиал 67 жастағы жалғыз басты ,тек қана 2 камфорлы тамақтаярлайтын плитасы бартұтынушы Салиев Қочқарға алыньТҒІ тасталған счетчикте "пломбасы бұзылған екен" деп, сырттай акт жазып,орташа айлық пайдаланған көлемі 41,8 мЗ екендігіне қарамай айыны 608 мЗ, жылына 7300 мЗ пайдаланғансың сомасы 228 619,12 теңге болады деп қарыз іліп және көрсетілмеген ВДГО-ға 2400 теңге барлығы 230 619,12 теңге қарыз іліп қойып , төлемесең газ жүйесінен өшіреміз деп қоқан-лоққы жасауда.("Аdilet":ТҚҚ ҚБ не түскен арыз бойынша). 

2 .4. Ақы төлеу тәртібі бөліміне

Шарт жобасындағы 15 және 16 пунктеріндегі есепке алу аспабтарына байланысты " жарамсыз"/'тексеру мерзімі өткен", "пломбасы бұзылған" деген тұтынушыны айыптаулар, егер есепке алу аспаптары квартирасында, үй ішінде орналасқан жағдайда деген қосымша түсінік енгізілсін.

3 .Шымкент өндірістік филиалы заңды тұлға емес болғандықтан, тұрмыстық тұтынушылармен дербес келісім шартжасасып мүліктік жауапкершілікке жауапты болуға құзырлы екендіңізге кұмәніміз бар, түсінік беруіңізді сұранамыз.

Ескертпе. ҚР Энергетика министрінің нормативтік құқықтық актілері (Үлгі шарт, Қағида) тұтынушылардың құқықтарын шектеуге немесе Қонституциядағы, Аэаматтық қодекстегі ,3аңдардағы белгіленген кепілдігіне қайшы болмауы керек. Азаматтық кодекстің 399-бап 1 тармағына сәйкес Дауарлық газды бөлшек саудада өткізу шартындағы ішін-ара бөлімдеріндегі өздеріне ауыртпалық шығындар келтіретін бөлімдеріне келіспеушілік протоколын тапсыруға құқылы,зорлықпен көндіруге жол берілмейді.

Сол себепті, біздің келіспеушілік пртоколымызды қабылдап, редакциясына өзгерістер енгізуді ерікті түрде орындауды сұранамыз.

Шымкент қаласы тұрмыстық тұтынушылары мүддесін мәлімдеуші,

Б.Тулентаев

"Adilet" тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық бірлестігі төрағасы

тел: ватсап,8707-959-4135, 8701-174-9120

Шөкеев премьер-министр болуы мүмкін
Екі рет отставкі қаупі төнсе де Есбаевтың есебі түгел
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу