Владимир Ким жерлестерін алдап кетті ме?

Oinet.kz 06-05-2021 1127

OINET.KZ - Жуырда танымал «Forbes» журналы әлемдегі ең бай деген азаматтардың тізімін жария етті. Оған Қазақстаннан 7 бизнесмен енді. Олар: Владимир Ким, Болат Өтемұратов, Вячеслав Ким, Михаил Ломтадзе, Тимур Құлыбаев, Динара Құлыбаева және Тимур Турлов.

edff05b670b35b46f0c022d690122d6f-small.jpg

Аталған журналдың тұжырымына қарағанда, «Қазақмыс» компаниясының қожайыны, «KAZ minerals» тобының президенті әрі ірі акционері Владимир Кимнің дәулеті 4,6 миллиард долларды құрап, ол «Қазақстанның ең бай адамы» атағын сақтап қалды. Бір жыл ішінде Ким 900 миллион долларға байыған. 

Владимир Ким Түркістан облысының Мақтаарал ауданында дүниеге келген. 

Былтыр осы уақытта Өзбекстанның Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып, Мақтаарал ауданындағы бірнеше елді мекенді су басты. Көмек бүкіл Қазақстаннан келіп жетті. Ірі бизнесмендер де қарап қалған жоқ. Ресейде тұратын өзбек миллиардері Әлішер Усманов 5,2 миллион доллар қаржы аударды. Осы қаражаттыі есебінен  зардап шеккен әр отбасыға 1 мың АҚШ долларынан берілді.  П.Шодиев, А.Машкеевич, А.Ибрагимов жетекшілік ететін әйгілі Eurasian Resources Group тобы зардап шеккен мақтааралдықтарға 5 миллион доллар қаржы бөлді. Миллиардер Болат Өтемұратов  6 миллион доллар аударды. Бұл қаражатқа  150 баспананың салынатыны айтылды. Баспана салып бергендердің ішінде Елбасының бауыры Болат Назарбаевқа тиесілі қордың да аты аталды. 

Осы кездері  қайырымдылық шараларынан «Қазақстанның ең байы», мақтаралдық Владимир Кимнің шет қалғаны туралы әңгімелер айтылды.  Бірақ көп ұзамай «KAZ Minerals» компаниясындағы жауапты мамандар ақпарат құралдары арқылы Владимир Кимнің мақтааралдықтарға арнап   1 миллиард теңге көмекті Түркістан облысындағы "Түркістан" әлеуметтік даму корпоративтік қорына аударғанын мәлім етті. 1 миллиард теңге дегеніңіз (2,3 миллион доллар) әрине, аз қаржы емес. Алайда 1 миллиард теңгенің түскен-түспегені күмәнді күйде қалып қойды. Өйткені Түркістан облыстық әкімдігі қорға ірі көлемде қаржы түссе, оны міндетті түрде жария еткен болар еді. Ал әкімдік Кимнің көмегі туралы ләм-мим деген мәлімет таратқан жоқ. Сонда Владимир  Кимнің жерлестерін алдап кеткені ме? 

Жалпы, қиын-қыстау кезде «Түркістан» әлеуметік корпоративтік қорына қанша қаржының түскені, оның қайда жұмсалғаны туралы да ақпараттар жарияланбады. Неге? 

Атқамінерлер алдап соқты. Сайлаушысы – ауылда, депутаты – қалада
Кәрім Мәсімов көлеңкеде жүр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу