«Қазақтың немқұрайлылығы, бейқамдығы кінәлі» - Ринат Зайытов (видео)

Oinet.kz 15-02-2021 1392

Белгілі айтыскер-ақын Ринат Зайытов қазақ халқының басындағы көптеген мәселелерге Парламентті кінәлі деп санайтындығын жеткізді. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбаты барысында айтты. 

РИнат.jpg

- Мәселе Президентке келгенде тайқып кетіп отырған жоқпын. Мен айтып отырмын. Кім кінәлі деп отырсың сен. Нақты кім кінәлі деп отырсың. Мысалы, Марғұлан Боранбай ағамызды қамап тастады деп жатыр. Ұлтым деп сөйлеп жүрген азамат. Оған кім кінәлі деп ойлайсың? Мен айтам қазір Президент кінәлі деп. Бас прокуратура кінәлі дейміз. Жоқ, мұнда қазақтың немқұрайлылығы, бейқамдығы кінәлі. Егер соны қолын қайырып әкеткен қазақтың милициясы мен бармаймын десе. Оның бастығы жоқ мен оларды жұмсамаймын, бұл әділетсіздік деп айтатын болса қоғам өзінен өзі түзеледі. Әлде әрқайсысымыздың үйімізге Үкіметтің адамдары кіріп шығу керек пе? Менің түсінігімде ең бірінші Парламент кінәлі. Осы бірінші кінәліні түзетіп алмайынша басқа кінәліні түзете алмайсың - деді Ринат Зайытов. 

«Беделі де, ары да таза жігіт» - Мәжіліс депутаты (видео)
Жолаев неге екі сөйледі?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу