Дариға президентікке дайындалып жатыр

Oinet.kz 04-12-2020 3675

Мемлекет және қоғам қайраткері, бұрынғы Мәжіліс депутаты Серік Әбдірахмановтің Қамшы порталына берген сұхбатына қарағанда, елдегі бірден-бір оппозиция саналатын Жалпыұлттық социал демократиялық партиясы шетелге қашып кеткен Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевке тиесілі көрінеді. Бұл туралы Oinet.kz тілшісі хабарлайды.

Дариға Назарбаева.jpg

- Биыл ғана билік Бергейге тәркіленген дүние-мүлкін қайтарып бергенін білеміз. Билік енді қарапайым тілмен айтқанда Рысқалиевке "біз сенің байлығыңды қайтардық, сен сайлауға араласпа" деп саясатқа келуіне "стоп" қойып отыр. Сондықтан олар қалыс қалды. Үлкен ойынның бір бөлшегі ғой,-депті Серік Әбдірахманов партияның сайлауға байкот жариялауға қатысты білдірген пікірінде.

– Қазақстанда қайдағы тартыс, қайдағы талас. Мәжіліске қай партияның өтетіні, кімдер депутат атанатыны қазірдің өзінде белгіленіп қойылған. НұрОтанға 60 пайыз, қалғандарына 10 пайыздан бөліп береді деп естіп жатырмыз. Арасында біреу-міреу ойын ережесін бұзып жатса, соны шығарып жіберуі де мүмкін. Бір анығы, бұл сайлау – Дариға Назарбаеваның, яғни президентті мерзімінен бұрын ауыстыратын сайлау, - дейді экс-мәжілісмен.

– Неге олай дейсіз? - деген журналистің сауалына ол:

– Мұның артында билікті Дариғаға мұра ету мақсаты жатыр. Дариға мәжіліске барады. Ол жерде төраға болады. Ұзамай Қасекең (Қасым-Жомарт Тоқаев – ред.) шаршадым деп кету туралы арыз береді. Мәулен Әшімбаев (сенат төрағасы, конституция бойынша елдегі екінші тұлға -–ред.) "ішім ауырды" дейді де ол да тайып тұрады. Осылайша, мәжіліс төрағасы Дариға президент міндетін уақытша атқара тұрып, ұзамай өтетін "нұрсайлау" нәтижесі бойынша президент болып шыға келеді. Ары қарай "Қасым ханның қасқа жолы, "Есім ханның ескі жолы, «НұрОтанның» қысқа жолы болайын деп тұр. Бұл сайлаудың құпиясы осында жатыр. Осы сайлау келесі президент сайлауына праймериз. Дариғаны сайлаған да, көктемде кетірген де халық емес. Өз ортасы. Сол орта "даулы мәселелердің шуы басылсын", "сен демала тұр" деді. Енді "жол ашық", "ел ұмытты" деген болар, - деп жауап беріпті. 

Әбдірахмановтың ойынша, жастар мен әйелдерге квота бөлу дұрыс емес. 

– АҚШ-та президент конгресстің 30 пайызы жастар болуы керек деген қаулы шығарса, тура сол жерде импичмент жарияланып, президентті жоқ қылады. Бұл – күлкілі. Жастар сайлана ма, кәрілер сайлана ма халық шешуі керек. Бұл – аңқау елге арамза молданың кері. Біздегі жасандылықтың көрінісі. Пропорционалдық жүйе бізге мүлде келмейді. Қазақстанға партиялық жүйе бейтаныс. Партиялар тәжірибесі, дәстүрі қалыптаспаған. Тәуелсіз Қазақстан тарихында демократияның көріністері бар екі-ақ сайлау өтті. Артынша билік өзіне ыңғайлы болуы үшін мына пропорционалдық жүйені таңдап алды. Енді мәслихаттарды партиялық тізім бойынша таңдамақ. Бұл – биліктің халықтан қорқуы. 30 жылда өз ауылының әкімін сайлауға мүмкіндік бермеді. Не үшін? Жасанды әкімдер арқылы қазба-байлықты тонау, ұрлау, сату үшін. Ал халықтан сайланғандарға бүкіл ауыл болып көтеріліп, тоқтау жасай алушы еді. Сайланған әкім ұрлыққа бармайды. Халық өзі сайласа, жергілікті лидерлер пайда болады. Билік бұдан қауіптенеді. Сайлау, сайлану құқығы жоқ халықтың жағдайы құлмен тең. Халық – биліктің құлына айналды, - дейді С.Әбдірахманов. 

Әрине, экс-депутаттың мұнысы болжам. Бірақ қисынға келетін болжам екендігін де жасыруға болмайтын сияқты. Дариға Назарбаев 2012 жылы да билік партиясының тізімімен Мәжіліске өтіп, осындағы комитеттің тізгінін ұстаған болатын.

«Бозарық» бос уәде болып тұр
Танымал ұстаз Білім министрі Аймағамбетовке бірнеше талап қойды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу