Сапарбаевтың бірінші орынбасары неге жоқ?

Oinet.kz 31-08-2020 1043

OINET.KZ - Сенат сайлауын сәтті өткізіп алған Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өзінің қаржы саласына жауапты орынбасарын тағайындап тастады. Сенатқа қатысты сценарий ешқандай өзгеріссіз жүзеге асты. Әкімнің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков 92 пайыз дауыспен жеңіске жетті.

Screenshot_1.jpg

Сапарбаевтың өкімімен, Президент әкімшілігін келісімімен  Орынбековтың орнын басқан Талғат Мамаев жергілікті жерден шыққан саналады. Жамбыл облысында туған, осында білім алған.  Еңбек жолын Жамбыл ауданы бойынша салық комитетінің маманы ретінде бастаған. 

2003-2006 жылдары Жамбыл облысы бойынша Салық комитетінің бөлім бастығы, басқарма бастығы, төраға орынбасары, 2006-2008 жылдары Қазақтан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің әкімшілендіру және ірі салық төлеушілерді мониторингілеу басқармасының басшысы, 2008-2012 жылдары Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің бастығы, 2012-2014 жылдары Қарағанды облысы бойынша салық департаментінің басшысы, 2014-2017 жылдары Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы, 2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің департамент директоры қызметтерін атқарған. Былтыр мамыр айынан бастап Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары болып еңбек етіп келген. Бір қызығы, Мамаев Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында еңбек еткен жылдары Бердібек Сапарбаев сол өңірлердің әкімі қызметін атқарған. Әрине, салық органдары жергілікті әкімдіктердің құрамына кірмейді. Сонда бұл не, кездейсоқтық па? Алғашқы екеуі кездейсоқтық болса да Мамаевтың Сапарбаевқа орынбасар болып келуі тегін емес сияқты.

Ең қызығы, сенаторлықтың шапанын киген Орынбеков облыс әкімінің бірінші орынбасары еді, оның орнын басқан Мамаев жай орынбасар болып тағайындалды. Бірақ, білетіндер Мамаевтың Орынбековтың қызметтік бөлмесінде отырғанын айтып жүр. Кабинеті де, атқаратын функциясы да сол. Алайда «бірінші орынбасар» деген лауазымның неге түсіп қалғанын ел біле алмай дал.

Сонда Сапабарбаевтың енді бірінші орынбасары болмай ма?

Ақментай Есбаевтың отставкісі...
Акбар Гошалы: Түркістанның тарихын әдебиетімізге енгізу біздің борышымыз деп есептеймін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу