Жігіттердің қыздарға айтпаған құпиялары
Ер адамның болмысы жайлы қаншама сөз, айыптау, сын, мақтау сөздер айтылады. Соның бірі шындыққа ұласса, басқасы еш жанаспайды. Енді ерлердің өз аузынан "ақиқатты" білетін уақыт келді.
1. Егер бір қызбен өзімізді жақсы сезінсек, одан ешқашан кетпейміз. Тіпті, қазір болмаса да, кезінде оның қасында өзімізді жақсы сезінген болсақ, кетпейміз.
2. Әйелдердің болмысын қалайтынымыздай түсіне алар емеспіз, бірақ сіз ойлағаннан әлдеқайда көп түсінеміз.
3. Көбіміз киім жуа аламыз. Тіпті оны үтіктеп, шаң сүртіп, дәмді тамақты да пісіре аламыз. Сондықтан біз үшін үй шаруасын міндетсініп, бала көзбен қарап, сыйламайтын әйелмен тұру қажеттігі жоқ.
4. Мықты әйелдерден қорықпаймыз. Бар болғаны ұнатпаймыз. Сіздер де әлсіз ерлерді ұнатпайсыздар ғой? Бұл екі тип те оңып тұрғаны жоқ, сондықтан жиі жұп құралады: мықты әйел мен әлсіз еркек – классикалық жағдай.
5. Егер ер адам сізге ынтасыз, жігерсіз адам ретінде көрінсе, мүмкін, шындығында сіз оған қатты ұнамайсыз. Бұл жағдайға байланысты.
6. Даяшыға, сатушыға, қызмет көрсетуші адамдарға айғайлап, ұрысатын әйел еш құрметке лайық емес. Керісінше, көңіліңді қалдырып, жиіркендіреді.
7. Кейде біз не істеп, не қойғанымызды біліп, түсінеміз. Бірақ кейде сіз мұны мойындағыңыз келмейді.
8. Біз ұзақ уақыт бойы еш мүдірмей барлық еркелігіңізді көтере аламыз. Бірақ бұл әдетте сіздің менмендігіңіздің деңгейін тексеру мақсатында жасалады. Нәтижесінде үлкен өзгеріске апаратын шешімдер қабылданады.
9. Көбіміз үшін әйел адамның толықтығы кемшілік емес. Есейе келе бұл мәселе тіптен орынсыз болып қалады.
10. Егер ер адам бір аруды мейрамханаға шақырса, бұл ештеңені білдірмейді. Сондай-ақ жымию, ойын-күлкі, тиісу де ештеңені білдірмейді. Біз де сіз секілді қарап, таңдап, байқап көреміз.
11. Таралмаған, боялмаған шаш, жасалмаған маникюр секілді майда-шүйдені байқатын ерлер арамыздан шығатыны рас. Бірақ сізді ұнатсақ, көре тұра мұндай дүниелерге мән бермейміз.