Жемқорлықсыз ел гүлденер

Oinet.kz 27-07-2019 725

Screenshot_10.jpg

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақа­ласында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресе отырып, өмірімізді одан әрі жақсартып, адамгершілік, рухани байлығымызды жоғалтпай, өркениетті ел құруымыз керектігін айтқан еді. Осы мақсатта  облыста «Түркістан адалдық алаңы» жобасы қолға алынған болатын. Жақында жоба жетекшілер Кентауда «Ашық есік» күнін өткізді. Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында өткен қоғамдық қабылдауда тұрғындар өздерін мазалаған сауалдарға жауап алды.

«Түркістан адалдық алаңы» жобасы кеңесінің құрамында   әлеуметтік қамсыздандыру, сот және құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау саласының мамандары бар. Кеңес мүшелері тұрғындардың арыз-шағымдарын тыңдады. Қордаланған мәселелердің шешімін табуға ықпал ететінін жеткізді.   «Жобалық кеңсенің ең негізгі мақсаты тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою. Сол бағытта әлеуметтік қамсыздандыру жалпы 7 бағытта жұмыс жасайды және құқыққорғау медицина саласындағы түйткілді мәселелерді шешу мақсатында Түркістан облысында ашық есік күнін өткізіп жатырмыз»,- дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және  сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің түркістан облысы бойынша бас инспекторы Ерлан Тұңғышбаев. 

Кентауда өткен қабылдауға келгендердің қарасы қалың болды.  Қоғамдық қабылдаудан соң  қалалық әкімдіктің мәжіліс залында сала қызметкерлерінің қатысуымен арнайы кеңес өткізілді. Онда кеншілер қаласы бойынша негізгі мәселелер талқыланды. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін күш салуға шешім қабылданды. 



Ауылда жас маманға қолдау көп
«Көне Отырар шұғыласы» көрмесі ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу