Ауыл-аймақты етпен қамтып отыр

Oinet.kz 26-07-2019 604

Screenshot_7.jpg

Созақ ауданындағы «Балтабай» шаруа қожалығы 2018 жылы жұмысын бастаған. Мал бордақылау ісімен айналысып, өңірдегі жұммысыз жүрген жандарға екі қолға бір күрек тауып беріп отыр. Алаң 9 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Жылына 500 тонна өнім өндіруге қауқарлы мекеме жылқы, ірі қара, қой етімен «Қазатомпром» өндірістік орнын қамтамасыз етіп отыр.«Жалпы жыл басынан бері 300 ден екі рет мал бордақыланды. Cұраныс жақсы. Ауыл тұрғындарын да етпен қамтып отырмыз»,- дейді Созақ ауыл округінің әкімі Батырхан Аяпов.

Құдайберген Баратбаев мал шаруашылығымен айналысып жүргеніне 10 жылдан асыпты. Тәжірибелі жұмысшы жылқы бордақылаумен  айналысады. Оның айтуынша уақтылы жем-шөбін беріп, қарауы жақсы болған малдың еті сапалы болады. Сондықтан да сұраныс жоғары. «Уақтылы жем-шөбін берем. Қарап-баптап өзім қадағалаймын. Осы салада жүргеніме 10 жыл болды»,- дейді ол. 

Қазіргі таңда «Балтабай» шаруа қожалығы  ауқымын кеңейтуде. Қосымша 250 басқа арналған қора салынып жатыр. Осылайша жергілікті шаруалар мемлекеттік бағдарламалар аясында төрт түліктің санын арттырып, өңірдің экономикасының дамуына үлес қосуда. 



Студенттер құрылыс алаңында
Жолдар жөнделіп жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу