Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
Күнбе-күнгі тұрмысымызда қолданылатын ас содасының тағамдық пайдасынан бөлек, оның емдік қасиеті бар екенін біле бермесек керек-ті. Осы орайда біз оның емдік бірнеше қасиетін айтқымыз келеді.
Расында, ас содасының әуелгі үлкен пайдаларының бірі – ол иммунитетімізді едәуір көтеріп, вирустар мен бактериялардың көбеюіне тосқауыл қояды, һәм өз клеткаларымыздың ракқа қарсы тұрып, оны алдын алудан қорғайды.
Өз кезегінде ас содасының қалай, қайтіп және қаншалықты пайдалануды білмесеңіз, ағзаңызды ауыр кеселге ұшыратып алуыңыз әбден-ақ мүмкін. Сондықтан, белгілі бір маманның кеңесіне жүгінгеніңіз жөн болмақ.
Ас содасының ішкі бәзбір ауруларға пайдасы бар:
- Онкологиялық ауруларды профилактикадан өткізіп, оны емдеу үшін;
- Асқазан-ішек ауруларында;
- Асқазан, бүйрек және бауырда пайда болған тасты ерітуге, бір сөзбен айтқанда, бүкіл ағзаны шаюға;
- Буын ауруларының кейбір тұстарына.
Сыртқы ауруларға қарсы да емі бар:
- Жан-жәндіктер шағып алған жерді сүрту үшін;
- Аздап салқындап не ангинаға тап болғанда, ингаляция жасау үшін;
- Оның өте төмен көлемдегі ерітіндісімен қабынған көзді сүрту үшін;
- Жалпы тісті тазалап және ағарту үшін;
- Аяқ пенен қолдың таз ауруы үшін;
- Қол менен аяқтағы тырнақтарды аз-кем жұмсарту үшін.
Ас содасын пайдалудың тәртібі:
- Таңсәріде ашқарынға ішу (бір стақан суға).
- Күн бойы тамақ алдында 30 минут бұрын немесе тамақтан 1 сағат кейін ішу. Осы тұста ескеретін бір жайт, асқазанда мейлінше тамақ болмағаны абзал; былайша айтқанда, асқорыту үрдісі жүріп тұрмағаны мақұл.
- Бастапқыда ақырындап пайдаланса дұрыс болар. Яғни, оны пышақтың ұшында тұрар-тұрмас көлемде ғана қолдану тиімді. Өйткені соданы бұрын-соңды пайдаланбаның анық қой.
- Тіпті оны біртіндеп пайдалану керек, яғни аптасына не айына небары бір рет дегендей. Мұнда өз ағзаңызға құлақ түріңіз. Егер ол оны қаламаса, мүлде мәжбүрлемеңіз.
Сөз соңында айтарымыз, нені пайдалансақ та, жоғарыда келтіргеніміздей, оны қалай, қайтіп және қаншалықты қолдануға болатынын әбден біліп, маман адамның кеңесіне тікелей көңіл бөлген ләзім-дүр.
Д. САПАРБАЕВА