Кәмелетке толмаған қызды зорлаған әскери қызметкерге жаза тағайындалды

Oinet.kz 12-03-2026

Ақтөбеде әскери қызметкер кәмелетке толмаған қызды зорлады деген айыппен 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. 

image.png

Қылмыстық іс Астана қаласында жабық сот отырысында қаралған. Сот әскери қызметкерді Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 120-бабы бойынша кінәлі деп таныды.

Сот үкіміне сәйкес, айыпталушы ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылып қана қоймай, әскери атағынан да айырылды. Жәбірленуші кәмелетке толмағандықтан, іс материалдары жария етілмеген.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бұл қылмыс әскери қызметкердің қызметтік міндетін орындау барысында емес, әскери бөлімнен тыс жерде жасалғанын мәлімдеді.

Министрліктің хабарлауынша, Қазақстан армиясында құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» қағидаты қолданылады және заң бұзғандар міндетті түрде жауапқа тартылады.

Темекі шегетіндер мен артық салмағы барларға МӘМС жарнасы қымбаттауы мүмкін
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу