Елдос Сметовтың өзі де, балалары да ауруханаға түсіп қалды
Қазақстандық дзюдошы, Елдос Сметов және оның балалары ауруханаға түсіп қалды, деп хабарлайды Оinet.kz.

Спортшыға Тараз қаласындағы ауруханалардың бірінде ота жасалған. Қазір атақты спортшы дәрігерлердің бақылауында.
Ақпаратқа сәйкес, спортшы биыл халықаралық жарыстарға қатысуға белсенді дайындалып жүрген. Алайда дәрігерлер операциядан кейін оған толық оңалту курсынан өту қажет екенін айтқан. Сол себепті Сметовтің жаттығу процесіне және жарыстарға нақты қашан қайта оралатыны әзірге белгісіз.
Сонымен қатар спортшының балалары да ауруханаға түскені белгілі болды. Дәрігерлер оларға Қызылша диагнозын қойған. Қазіргі уақытта балалар да медициналық бақылауда.
Айта кетейік, Елдос Сметов – Қазақстан дзюдосының ең танымал спортшыларының бірі. Ол Олимпиада ойындарының чемпионы атанып, әлемдік жарыстарда бірнеше мәрте жүлде жеңіп алған.


