Еттің бағасы 10-12 мың болуы тиіс - Министр түсініктеме берді
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкіметтегі брифингте еттің нақты бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Оinet.kz.

Министр фермерлердің «еттің бағасы 10–12 мың теңге болуы тиіс» деген мәлімдемесіне түсінік берді.
Сапаровтың айтуынша, фермерлер бұл ретте экспорттық бағаны меңзеген.
— Фермерлер мал шаруашылығын қарқынды дамыту үшін бағаның жоғары болғаны тиімді деп санайды. Олар 10–12 мың теңгені экспорттық баға ретінде айтып отыр. Қазіргі таңда экспорттық баға ет санатына байланысты 4,5–6 мың теңге аралығында, — деді министр.
Оның сөзінше, ішкі нарықтағы баға бұдан төмен.
— Бүгінде ішкі нарықта тірі салмақтағы баға 1,6–1,8 мың теңге аралығында, орташа есеппен 1,7 мың теңге. Оны етке шаққанда 3–4 мың теңге шамасында болады, — деп қосты ол.
Министр ішкі нарықтағы баға экспорттық көрсеткіштен айтарлықтай төмен екенін атап өтті.


