Жарты жылға жетпеген әкімдік: Сайрамда жаңа ғимараттың қабырғалары жарылып кеткен
Түркістан облысы Сайрам ауданында пайдалануға берілгеніне жарты жыл ғана болған әкімдік ғимаратының қабырғалары жарылып кетті, деп хабарлайды Оinet.kz.

Жібек жолы ауылдық округіндегі нысан өткен жылдың жазында ел игілігіне тапсырылған еді.
Алайда жуырда аудан әкімі Мадияр Оразалиев қарамағындағы мекемелердің жұмысын тексеру барысында ғимараттың жай-күйіне назар аударған. Тексеру кезінде қабырғаларда пайда болған жарықтар анықталып, құрылыс сапасына қатысты сұрақтар туындады.
"Бұл мәселе бойынша мердігер мекемеге нақты тапсырма берілді. Анықталған ақаулар толық зерделеніп, ретке келтіру және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады",- дейді әкімдік өкілдері.


