7 трлн теңге. Президентке жалған ақпарат жеткен бе әлде Ұлттық банктің жасырғаны бар ма?

Oinet.kz 20-02-2026

28 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы қазақстандық банктердің бірі шетелге 7 трлн теңгеден астам қаражат аударғанын айтып, оны «сорақы жағдай» деп бағалаған еді. Президент  реттеуші органдарға заңсыз қаржы операцияларына бақылауды күшейтуді тапсырған болатын. Мемлекет басшысының осы мәлімдемесінен кейін  бұл ақпарат Ақорданың ресми сайтынан және әлеуметтік желідегі парақшаларынан алынып тасталды. Бірде-бір БАҚ бетінде бұл әңгіменің қай банкке қатысты екені сол күйі айтылмады. 

image.png

Ұлттық Банк өкілдері Президенттің бұл мәлімдемесін жоққа шығарды. BES.media-ға берген сұқбатында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов президент айтқан 7 трлн теңге заңсыз шығарылған ақша емес, бұл жай ғана банктегі жалпы ақша айналымы болуы мүмкін екенін айтты. Ол мысал ретінде: екі адам күн сайын бір-біріне ақша аударса, бір жылдың ішінде үлкен сома жиналатынын келтірді. 

Сондай-ақ, Қаржы нарығын реттеу агенттігі мен Ұлттық банк тарапынан тексеріс жүріп жатқанын, әзірге заңбұзушылық белгілері анықталмағанын мәлімдеді.

— Қай банк екенін қазір айту дұрыс емес. Президентке ақпарат қалай жеткізілгенін де айта алмаймын. Тексеру аяқталған соң мәлімет жария етіледі, — деді Шолпанқұлов.

Бұл пікірге жауап ретінде президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров түсініктеме берді.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тексерілмеген ақпаратты айтпайды. Егер 7 трлн теңге көлеміндегі транзакциялар туралы айтылса, демек ондай операциялар болған, — деді ол.

Ақорданың хабарлауынша, бұл дерек көпшілікке арналмаған қызметтік кеңесте айтылған. Жиын Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі ғимаратында өткен.

Сонымен қатар, президент банк атауын, қаражаттың қай елден келгенін және қай бағытқа кеткенін әдейі жария етпеген. Бұл шешім саяси әрі дипломатиялық себептермен қабылданғаны атап өтілді.

Қостанайда ер адам қызғаныштан әйелі мен баласын пышақтап өлтірген
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу