Қостанайда ер адам қызғаныштан әйелі мен баласын пышақтап өлтірген

Oinet.kz 20-02-2026

2025 жылдың 29 қыркүйегінде Қостанай облысы Аманқарағай ауылының тұрғыны түн ішінде әйелі мен ұлын пышақтап өлтірген. Аталған қылмыстық іс мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды. Қылмыскер енді қалған өмірін темір тордың арғы жағында өткізетін болды, деп жазады Оinet.kz.

 image.png

Сотта анықталғандай, ер адам әйелін қызғанып, өлтіруге оқталған. Қолына пышақ алып, келіншегі ұйықтап жатқан бөлмеге бет алады.  Сол кезде кәмелет жасына толмаған ұлы оянып кетіп, әкесін тоқтатуға тырысқан. Алайда жолына бөгет болған ұлына әкесі бірнеше мәрте пышақ сұққан. Дабырадан  оянған әйелі қансыраған ұлын құтқаруға әрекет жасаған сәтте күйеуі оған да пышақ жарақатын салады. Зардап шеккен әйел мен бала сол жерде жан тапсырған. 

  Сот барысында айыпталушы кінәсін жартылай мойындаған. Ол жақындарын өлтіргісі келмегенін және қылмыс жасаған кезде шок жағдайда болғанын айтқан.  Сотта зардап шеккен тараптың туыстары ер адамға рақымшылық көрсетуді сұраған. Алайда   мемлекеттік айыптаушы кәмелетке толмаған ұлын өлтіргені үшін  айыпталушыға жазаны өмір бойына бас бостандығынан айыру түрінде тағайындауды сұрады. 

Сот айыпталушының жеке басын, істің мән-жайын және қылмыстың қоғамға қауіптілік деңгейін ескере отырып, оны қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтеу арқылы өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Әлеуметтік көмектен бәрі дәмелі - Министрлік мәлімдеме жасады
7 трлн теңге. Президентке жалған ақпарат жеткен бе әлде Ұлттық банктің жасырғаны бар ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу