Әлеуметтік көмектен бәрі дәмелі - Министрлік мәлімдеме жасады

Oinet.kz 20-02-2026

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік желілерде тараған жалған ақпаратқа байланысты мәлімдеме жасап, әлеуметтік көмек тек белгіленген тәртіппен және құжаттық негізде ғана тағайындалатынын түсіндірді, деп жазады Оinet.kz порталы.

image.png

Ведомствоның айтуынша, «әлеуметтік көмек автоматты түрде тағайындалады» деген шындыққа жанаспайтын ақпарат. Әлеуметтік көмек – мемлекеттің атаулы қолдау шарасы және ол белгіленген мұқтаждық критерийлеріне сай келетін, қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға ғана көрсетіледі. Көмек тағайындау қолданыстағы заңнама мен мәслихат шешімдерінде айқындалған негіздер бойынша жүзеге асырылады және талаптарға сәйкестік құжат жүзінде расталуы тиіс.

Министрлік eGov порталы арқылы өтініш беру әлеуметтік көмекке жүгінудің бір ғана тәсілі екенін атап өтті. Алайда бұл өтініштің автоматты түрде мақұлданатынын білдірмейді.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, көмек алушы санаттар тізбесі, көрсету шарттары және қажетті құжаттар әр өңірде мәслихаттар тарапынан жеке бекітіледі. Бұл ақпарат жергілікті атқарушы органдардың ресми интернет-ресурстарында жарияланады.

Түскен барлық өтініштер белгіленген тәртіппен қаралады. Министрлік азаматтарды ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға шақырып, жалған мәлімет таратқандар заң аясында жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Бір жылда 1,7 млн қазақстандық тұрғылықты жерін ауыстырған
Қостанайда ер адам қызғаныштан әйелі мен баласын пышақтап өлтірген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу