Қазақстанда наурызда тағы бір мереке пайда болады
Мәулен Әшімбаев Қазақстандағы жаңа Конституция күні алдағы референдум өтетін 15 наурызға белгіленуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Сенат кулуарында журналистерге берген сұхбатында ол мереке Конституцияның күшіне енген күніне емес, қабылданған күніне белгіленуі тиіс екенін атап өтті.
«Қабылданған күн мен күшіне енген күн – екі бөлек ұғым. Өтпелі ережелер жобасында Конституцияның қабылданған күні көрсетілген. Ал ол – 15 наурыз», – деді Сенат төрағасы.
Әшімбаевтың айтуынша, түпкілікті шешім референдум нәтижесіне байланысты болмақ. Егер азаматтар жаңа Конституцияны қолдаса, онда Конституция күні де 15 наурыз болып бекітілуі ықтимал.
«Азаматтар өз ұстанымына сай дауыс беруге құқылы. Референдум халықтың пікірін білу үшін өткізіледі. Егер қолдаса, бізде жаңа Конституция болады әрі Конституция күні 15 наурыз болып белгіленеді», – деді ол.


