Таразда оқушы қызды ұрламақ болғандардың кім екені белгілі болды

Oinet.kz 19-02-2026

13 жастағы оқушы қызды ұрламақ болған күдіктілердің кім екені анықталды, деп хабарлайды Оinet.kz.

image.png

Полицияның мәліметінше, бейтаныс екі ер адам аялдамада тұрған қызды көлікке күштеп отырғызуға әрекеттенген. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынған.

Оқиға Тараз қаласында болған. Бұл жағдай қоғамда қызу талқыланды.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева әлеуметтік желідегі парақшасында күдіктілердің ағайынды, есірткіге тәуелді азаматтар екенін жазды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Жамбылда сарбаздың жағын сындырды деп айыпталған сержант күтпеген мәлімдеме жасады
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу