Жаркенттегі оқиға: әйел психикалық ауытқуы бар деп танылды

Oinet.kz 18-02-2026

Жаркент қаласында қаңтар айының соңында қоғамда қызу талқыланған оқиға бойынша сот шешімі шықты. Politico.kz хабарлағандай, 28 жастағы Мария Белекова 4 жасар ұлын соққыға жығып, қатыгездік көрсеткен, деп жазады Оinet.kz порталы.

image.png

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, оқиға 2026 жылдың 18 қаңтарында болған. Бала ваннадағы су шүмегін ашық қалдырып, бөлмені су басқан соң анасы ашуға беріліп, оны жылыту батареясына байлап, ұрған. Бұл сәтті отбасының танысы видеоға түсіріп алған, кейін бейнежазба мессенджерлер арқылы тарап кеткен.

Панфилов ауданы аудандық сот-психиатриялық сараптама қорытындысын негізге алып, әйелдің туа біткен психикалық ауытқуы мен жеңіл ақыл-ой кемістігі бар екенін анықтады. Сондықтан Мария Белекова қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, жалпы үлгідегі психиатриялық стационарға мәжбүрлеп емдеуге жіберілді.

Жәбірленуші бала мен оның бауыры арнайы сәбилер үйіне орналастырылды. Оқиға кезінде әйелдің күйеуі Тайыр Құрбанжанов жұбайының психологиялық ауытқулары бар екенін білгенін мәлімдеген.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

189 қазақстандық Израиль әскерінде қызмет етіп жүр
Таразда аялдамада тұрған 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу