189 қазақстандық Израиль әскерінде қызмет етіп жүр
189 қазақстандықтың қос азаматтықпен Израиль әскерінде қызмет етіп жүргені белгілі болды. Al Jazeera деректеріне сүйенсек, олардың бір бөлігі 2023 жылдан бері Газа секторындағы әскери іс-қимылдарға қатысқан, деп жазады Оinet.kz порталы.

Жалпы Израиль әскері қатарында шетел паспорттары бар 50 мыңнан астам адам қызмет етеді. Олардың ішінде АҚШ, Франция және Ресей азаматтары басым. Сонымен қатар 264 өзбекстандық, 146 әзербайжандық, 112 Түркия азаматы, 52 қырғызстандық және 31 түрікменстандық бары айтылады. Олар 72 мыңнан астам палестиналықтың, оның ішінде мыңдаған әйел мен баланың өмірін қиған қақтығысқа қатысқаны айтылып отыр.
Айта кетейік, Қазақстанда қос азаматтыққа заңмен тыйым салынған. Бұдан бөлек, Қылмыстық кодекстің 172-бабына сәйкес, ел аумағынан тыс жердегі қарулы қақтығыстарға қатысқаны үшін 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал жалдамалылық дәлелденген жағдайда 170-бап бойынша 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге соттау және мүлкін тәркілеу көзделген. Ауыр зардаптарға әкелген жағдайда жаза 20 жылға дейін ұлғайып, азаматтықтан айыру шарасы қолданылуы мүмкін.


