Таразда аялдамада тұрған 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Oinet.kz 18-02-2026

Тараз қаласында автобус аялдамасында тұрған 13 жастағы оқушы қызды белгісіз екі ер адам көлікке отырғызуға әрекеттенген. Желіде тараған видеода көлік тоқтаған сәтте ішінен шыққан ер адамдардың бірі қызды күштеп алып кетпек болғаны көрінеді,- деп жазады Оinet.kz порталы.

image.png

Абырой болғанда, сол маңнан өтіп бара жатқан азамат араша түсіп, қызды аман алып қалған.

Тараз қаласының полициясы қызды ұрлауға әрекет жасады деген күдікпен ер адамдардың ұсталғанын хабарлады.

«Полицияға екі белгісіз ер адамның автокөлікпен аялдамада тұрған қызды ұрламақ болғаны туралы хабарлама түсті. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері жіберілді. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр.

Жаркенттегі оқиға: әйел психикалық ауытқуы бар деп танылды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу