ҚР Сыртқы істер министрлігі Нұрлан Сабуровтың жағдайына қатысты пікір білдірді

Oinet.kz 06-02-2026

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі әзілкеш  Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Оinet.kz тілшісі.

image.png

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан Республикасының азаматы Нұрлан Сабуров немесе оның заңды өкілдері Ресейдегі Қазақстан елшілігіне жүгінбеген.  

«Қазақстан Республикасының азаматы Н. Сабуровқа қатысты оның өзі немесе заңды өкілдері Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының елшілігіне өтініш жасаған жоқ», – делінген СІМ хабарламасында.  Сондай-ақ министрлікке Ресейдің құзырлы органдарынан Нұрлан Сабуровтың ұсталғаны туралы ресми ақпарат түспегені атап өтілді. 

Еске сала кетейік,  бұған дейін бірқатар БАҚ-та  Нұрлан Сабуровқа Ресей аумағына 50 жылға кіруге тыйым салынғаны хабарланған. Мәліметтерге сәйкес, шешім «ұлттық қауіпсіздік мүддесінде» қабылданған. Алайда бұл ақпаратқа Ресейдің ресми органдары да, комиктің өзі де, оның өкілдері де пікір білдірмеген. 

БАҚ дерегінше, Нұрлан Сабуров 6 ақпанға қараған түні Дубайдан Мәскеудің Внуково әуежайына ұшып келген. Паспорттық бақылаудан өткеннен кейін ол бөлек бөлмеге жеткізіліп, Ресейге кіруге тыйым салынғаны туралы ресми құжат табысталған.  Кейінірек Сабуровтың Дубайға тегін депортациядан бас тартқаны белгілі болды. Ақпарат көздерінің айтуынша, рейспен кері ұшудың міндетті шарты ретінде кісен тағу талап етілген. Нәтижесінде комик Қазақстанға өз қаражатына билет сатып алып, елге оралғаны хабарланды.

Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу