Тыныштық беріңіздер!- Мұхтар Шахановтың келіні мәлімдеме жасады
Ақын Мұхтар Шахановтың келіні Жаңагүл Мұратқызы елге үндеу жасады. Ол Шахановтың әлеуметтік желіде жарияланған видеосына қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады oinet.kz тілшісі.

"Атаның қазіргі жағдайы өте ауыр, айтқанын бір сәттен кейін ұмытып қалатын науқас күйде. Жақында ғана екінші ұлынан айырылған адамның психоэмоционалдық жағдайының қаншалықты ауыр екенін біреу түсінсе, біреу түсінбейді. Қазіргі таңда Ата қоғамда болып жатқан жағдайлардан мүлдем бейхабар, осыны түсініңіздер! Тыныштық беріңіздер!",- деген Жаңагүл Өмірбекова қоғам қайраткерінің ұлтының адал перзенті екенін атап өтті.
"Ұлтына өлшеусіз еңбегі сіңген, Ана тіліне өмірін арнаған атамызды бір видеоға бола қарғап-сілеудің, қаралаудың ешқандай негізі жоқ. Мұхтар Шаханов өз ұлтының алдында адал перзенті болып мәңгі тарихта қалатын тұлға!",- деді ол әлеуметтік желі парақшасында.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде ақынның атымен жалған Facebook-парақша ашылған. Онда мемлекеттік тіл мәселесіне қатысты жазбалар жарияланып отырған.
Кейін ақын өз атынан тараған жалған ақпараттарға сенбеуге шақырып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатын және жаңа Конституциясын толық қолдайты айтылған видеосы шықты.


