«Назарбаев, кет!» деп ұрандатқан Ермек Нарымбай қамауға алынды

Oinet.kz 05-02-2026

Астана қалалық полициясы бұған дейін «Назарбаев, кет!» деп ұрандатқан саясаткер Ермек Нарымбайды ұстады. Тергеу нұсқасы бойынша, ол сот тыйымын және қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға салынған шектеуді білсе де, бірнеше рет заңсыз әрі арандатушылық материалдар таратқан деп жазады Оinet.kz порталы.


Бұған дейін Нарымбай бес рет әкімшілік жауапқа тартылған. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот шешімі бойынша ол қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасымен отыр.

Айта кетейік, Ермек  Нарымбай 2010 жылы «Назарбаев, кет!» деген ұранмен өткен жиында белсенділік танытып, төрт жылға бас бостандығынан айыруға үкім алған. Кейін рақымшылықпен босап шыққан.

2016 жылы Нарымбай «қоғамдық ыза тудырды» деген айыппен сотталған. Кейін бірнеше айдан кейін үйқамаққа ауыстырылған.

2016 жылы ол  Қазақстаннан кетіп, Украинада тұрған. Қаңтар оқиғаларынан кейін елге оралып, кейін қайтадан қамауға алынған.



«Маған бала керек»- Таразда баласын ұрған әйелдің күйеуі балаларды қамқорына алмақ
Танымал психолог АйнұрТұрсынбаеваның халық сенімін пайдаланып, күмәнді жарнамалар жасағанын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу