«Маған бала керек»- Таразда баласын ұрған әйелдің күйеуі балаларды қамқорына алмақ

Oinet.kz 05-02-2026

Өткен аптада әлеуметтік желілерде  19 жастағы әйелдің өз балаларын ұрып-соққан сәті бейнеленген видео тараған болатын. Қоғамда үлкен резонанс тудырған Тараз қаласындағы оқиғадан кейін күдікті әйел қамауға алынды. Қазір баласын аяусыз соққыға жықты деген күдікке ілінген әйелдің психологиялық жағдайы тексеріліп жатыр. Ал оның бұрынғы күйеуі балаларды өз қамқорлығына алу үшін барлық заңды жолды қарастырып отырғанын мәлімдеді. 

image.png

KTK телеарнасының мәлімдеуінше Қордай ауданының 26 жастағы тұрғыны Айдар Мамыт екі баланы да өзіне беруді талап етіп, балалар үйінің маңын күнде торуылдап жүргенін айтқан. Алайда қорғаншылық органдарының мәліметінше, ата-анасы заңды некеде болмағандықтан және ер адамның екінші балаға қатысты әкелік құқығы рәсімделмегендіктен, балаларды бірден беру мүмкін емес.

Енді ер адам екі баланың да әкесі екенін ресми түрде дәлелдеуі қажет. Ол үшін құжаттарын жинап, ДНК сараптамасынан өтпек. Сараптама қорытындысы кейін бала құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қарауына ұсынылады.

"Маған бала керек, баланы әрқашан бірінші орынға қоямын. Қазір баламның әкесі екенімді дәлелдеу үшін жүгіремін. АХАТ-қа барамын, сотқа барамын. Қолымнан келгенше, соңғы демім қалғанша, бала-шағам үшін барына дайынмын. Қазір көбі үлкен қыз қызыңыз емес, не үшін алайын деп жатырсыз дейді. Айтады ғой, қазақта бала тапқандікі емес, баққандікі дейді. Мен екеуін де жақсы көремін, екеуін бөлмеймін", - деді Айдар Мамыт.


Талдықорғанда мамандандырылған ХҚКО мен полицияның экс-қызметкерлері сотталды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу