Танымал психолог АйнұрТұрсынбаеваның халық сенімін пайдаланып, күмәнді жарнамалар жасағанын айтты
Танымал психолог Ирина Раззах журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева халық сенімін пайдаланып, жарнама мен қаржы жинау мәселелерінде күмән тудыратын әрекеттер жасағанын мәлімдеді деп жазады Оinet.kz тілшісі.

"Тұрсынбаеваның тарапынан не жамандық көрдің?" деген сұраққа ол: «Халық оған Құдайындай сенді. Егер қазақты ойласа, неге қаңғыртып адамдарды “чекап” деп Түркияға жібереді? Қазақстанда да ондай қызметтер бар ғой. Оның жарманасынан көп адам таяқ жеген екен. Маған сонысы ұнамады. Ақша үшін кез келген дүниені жарнамалай беретіні маған ұнамады», — деді Раззах.
Сондай-ақ ол бір баланың еміне қатысты қаржы жинау оқиғасын мысалға келтірді. Психологтың сөзінше, бұл іске өзі де сеніп араласқан.
«Бір балаға емге ақша жиналды. Біз халық болып қаражат жинадық, мен де эфирге шығып қолдау көрсеттім. Себебі Айнұрға сендім. Кейін баланы Дубайға апарып емдеткенін естідім. Бірақ баланың анасынан емге қатысты құжаттарды сұрағанымда, ешқандай ресми документ берілген жоқ. Жиналған 1 млрд теңге ұшты-күйлі жоқ болып кетті», — деді ол.


