«Әңгімені тоқтату керек»: Серік Жұманғарин Magnum дауына қатысты пікір білдірді

Oinet.kz 10-04-2025 436

Премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Magnum дауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz тілішісі Alash.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_36.jpg

Серік Жұманғарин бұл жағдай туралы кеше ғана білгенін айтты.

"Әлеуметтік желіні қарап отыруға уақыт жоқ. Қазіргі уақытта сыртқы жағдай, салық кодексіне байланысты онсыз да жұмыс көп. Жалпы айтқанда қазақ тілі халқымыздың тірегі. Еліміздің болашағының негізі. Қазақ тіліне біраз жағдай жасалған. Мееің ойымша, бұл екі жеке тұлғаның арасында болған тұрмыстық жайт. Бірақ бізге үлкен сабақ болды бұл. Тіл, ұлт мәселесін талқылағанда, әлеуметтік желіде жазғанда абайлау керек. Тату болуымыз керек. Бұл мәселені өздері шешеді деп ойлаймын. Жеке адамдардың арасында болған оқиға. Менің білуімше, Magnum-ның бұрынғы қызметкері жақсы жұмысқа орналасқан. Клиенттің оған ешқандай шағымы жоқ қазір. Әңгімені тоқтату керек деп есептеймін", - дейді Жұманғарин. 

Оқиға неден басталды?

Әлеуметтік желілерде Magnum супермаркеттер желісінің курьерінің жұмыстан шығарылуы қоғамда үлкен талқыға түсті. Бұл жағдай курьердің клиенттен қазақ тілінде сөйлеуін сұрауынан кейін болған.

Клиент Асылхан есімді азаматтың айтуынша, ол Magnum-нан азық-түлікке тапсырыс берген кезде, курьер одан қазақша сөйлеуді талап еткен. Кейін бұл оқиға әлеуметтік желіде жарияланып, нәтижесінде курьер жұмыстан қуылған.

Magnum компаниясы не деді?

Magnum компаниясы бұл жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасап, курьердің жұмыстан шығарылуы тек тіл мәселесіне байланысты емес екенін айтты. Олардың мәліметінше, курьер клиенттермен бірнеше рет дөрекі сөйлескен.

Компания барлық тұтынушыларға бірдей құрметпен қарайтынын және қызмет көрсету мәдениетін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Қоғамдық реакция және бойкот жариялау

Бұл жағдай қоғамда үлкен наразылық тудырды. Көптеген қазақстандықтар Magnum желісіне бойкот жариялайтынын мәлімдеді. Әлеуметтік желі қолданушылары компанияның әрекетін сынға алып, мемлекеттік тілге деген құрметтің төмендігін атап өтті.

Кәнсіл. Байкот. Кибербуллинг: Қоғам әділетсіздікке қарсы ма?
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу