Президент кеңесшісі: Дін арқылы іріткі салатындарға жол бермеу керек

Oinet.kz 10-04-2025 109

Жуырда Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:

Screenshot_16.jpg

- Теріс ағымдарға, қазақтың болмысына жат идеологияларға тосқауыл қою қажет екеніне еш күмән жоқ. Елімізде дін бостандығына кепілдік берілген. Бірақ жүгенсіздікке, тәртіпсіздікке жол беруге болмайды. Діннің аса маңызды миссиясы – ұлтты ұйыстыру. Діни ұйымдардың қызметін реттейтін құжаттар осы талапқа сай болуға тиіс. Бұл мәселені жан-жақты қарау керек. Соның ішінде заңнаманы жаңа жағдайға бейімдеп отыру өте маңызды, - деген болатын.

Осы аптада Түркістанда Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев дін өкілдерімен кездесті. Басқосуда Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында көтерілген дін саласындағы өзекті мәселелер мен ұлттық құндылықтарды сақтау жолдары талқыланды. 

Түркістан облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың профессоры, ғылым докторы Досай Кенжетай, Түркістан облысының бас имамы Ержан Төлепов, Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Медет Халықов сөз сөйлеп, ұлттық тұтастықты нығайту мақсатында дін мен руханият, салт-дәстүр және ұлттық құндылықтарды арттыру мәселесі басты назарда екенін айтып өтті. Кездесуге қатысушылар еркін пікір алмасып, дін саласына қатысты мазмұнды ойларын ортаға салды.

Жиында сөз сөйлеген Мәлік Нұржанұлы Ұлттық құрылтайда көтерілген түйткілді мәселелерге тоқталып, осы дін арқылы қоғамның ішіне іріткі салатындарға жол бермеу керектігін жеткізді. Сондай-ақ бірлік пен ынтымақты нығайту, заң мен тәртіпке бағыну, қоғамдағы рухани тұтастықты сақтау, салт-дәстүрді сақтау, сапалы ұрпақ тәрбиелеу, қоғамдық сананы дамыту бағытында ойларын бөлісті.

Сондай-ақ, Түркістанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың IV Ұлттық құрылтайдағы бағдарламалық баяндамасын талқылауға арналған «Тұғырлы ел, тұрақты даму: Ұлттық құрылтай идеялары» тақырыбында кездесу өтті. Ең алдымен Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев «Жаһандық жас ғалымдар» фотокөрмесін және Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ оқытушы-профессорларының еңбектері енгізілген «Өркен жайған оқу орда» кітап көрмесін тамашалады. 

Іс-шараға сондайақ,  ғылым саласының қызметкерлері мен білім алушы жастар қатысты. Кездесуді облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жүргізіп отырды. 

Алғашқы сөз Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ректор өкілі, профессор, доктор Наджи Генчке берілді. Ол түркі елдерінің ынтымақтастығы және симпозиумның маңыздылығы туралы атап өтті. 

Кездесуде Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің доценті Гүлсара Тоққұлова, Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Сейдулла Садықов баяндама жасады. 

Жиынды қорытындылаған  Президент кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы сөз алып, Мемлекет басшысының ыстық ықыласын жеткізіп, Мемлекет басшысының бастамасымен Түркістанға ерекше мәртебе берілуімен құттықтады. Ғылым мен білімнің ұштасқан ордасында жүздесуіндегі мақсатына тоқталып өтті. Сондай-ақ Ұлттық құрылтайда көтерілген түйткілді мәселелерге назар аударып, заң мен тәртіп қағидаты туралы ой қозғады. Студенттерге сапалы білім алу, жан-жақты болу керектігін айтып, адамгершілік басты ұстаным болуы тиіс екенін жеткізді. Ұлттың еңсесін көтеріп, халықтың бірлігін нығайтатын бастамалар жүзеге асатынын айтты. 

Атақты желаяқ Марат Жыланбаевтың түрмеде аузын тігіп тастағаны рас па?
Кәнсіл. Байкот. Кибербуллинг: Қоғам әділетсіздікке қарсы ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу