Аналарды ардақтап, балаларды бақытты ету – басты міндетіміз

Oinet.kz 27-06-2023 696

Кез-келген елдің ішкі саясатының басым бағыттарының бірі – ана мен баланы қорғау. Осы мақсатта, Алматы облысы бойынша жыл басынан төрт айда 12 млрд теңгеге жуық қаржы төленген. Оның ішінде жүктілікке және босануға 6,5 млрд жұмсалса, бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша 5,4 млрд теңге беріліпті. Мұндай статистиканы Алматы облысының Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жеткізді.     

Screenshot_13.jpg

Мамандардың айтуынша, бір жолғы әлеуметтік төлемді қаңтар-сәуір айларында 7731 адам алса, бір жарым жасқа дейінгі төлемді 29918 ана алыпты. 

Мемлекет қолдауымен әлеуметтік төлем алып отырғанның бірі Алматы облысының тұрғыны Ғалия Кәрімова. Тұрмыс құрып, бір баланың анасы атанған ол жас отбасыларға берілетін қаржылай көмектің маңызы зор екенін айтты. Әрі ең тиімдісі барлық шаруаны онлайн жүйеде тындыруға болады дейді. Сондай-ақ, ана мен баланы өз қамқорлығына алған мемлекетімізге айрықша алғысты екенін жеткізді. 

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры 2004 жылы құрылған. Қор қызметінің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу. Сонымен қатар, әлеуметтік аударымдардың сақталу мен мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету. Қазіргі кезде, әлеуметтік тәуекелдердің бес түрі бойынша төлемдер жүргізіледі. 

Мәселен, еңбекке қабілеттілігінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларында ғана беріледі. 

Айта кетейік, 2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында өңір бойынша қорға 6 млрд теңге соммасына 224 мыңға жуық адам үшін әлеуметтік аударымдар түскен. Қордан 13,2 млрд теңге болатын әлеуметтік төлемдерді 18,5 мың адам алған. Бұл көрсеткіш елімізде ана мен баланы қорғауға алудың қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді.

Елімізде баланың бұзылған құқықтарын қорғау толығымен жүзеге асырылса да, бұзылып жатқан тұстары да бар. Оның басты себептерінің бірі –  отбасының дұрыс болмауы. Әсіресе өгей әке, өгей ана тарапынан әлімжеттік көрсету, қорлау, ұрып-соғу секілді орын әрекеттер алуда. Соттар тарапынан бала құ­қықтарының қорғалуы ерекше назарда. Қандай да бір туыстық қатынасқа қарамастан,  заң алдында жауап беріп, заңмен белгіленген тиісті жауапкершілікке тартылады. Балалар құқығы­на нұқ­сан келтіргендерге қа­шан­да жаза қатаң.

Жазушы М.Әуезовтың «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген даналық сөзі бар. Балалардың болашағын бүгіннен бағдарлап, түзу тәрбие беру алдыңғы орында болса, оларды бағып, тәлімімен өсіру ата-ананың жауапты міндеті.

Масылдықтан арылу қажет
Мемлекетке масыл болатын ұрпақтан сақтанайық
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу