«Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты онкүндік шарасы бастау алды

Oinet.kz 05-09-2022 539

Screenshot_54.png

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұма күні Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясында "қазақ тілін дамыту үшін шаралар қабылдау қажеттігін" атап өтіп, бірақ бұл процесс "өзге тілдер мен азаматтарды алалау мақсатында жүзеге асырылмауы тиіс" деп атап өткен болатын. Тарих және этникалық ерекшеліктер тұрғысынан алғанда Қазақстан көптілді мемлекет. Бұл біздің артықшылығымыз. Дегенмен мемлекеттік тіл қазақ тіл екенін есте тұтып, қазақ тілінің мәртебесін нығайту үшін шара қабылдау керек" деді мемлекет басшысы.

Президенттің тапсырмасы аясында 5 қыркүйек «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне орай, Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі, көп ұлттың өкілдері тұратын мемлекеттегі тілдік ахуалды, тіл құрылысын қалыптастыру мен дамытудың негізгі факторы және ұлтаралық қарым-қатынас пен қоғамдық келісімді реттеу еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерін кеңінен түсіндіру, насихаттау мақсатында онкүндік мерекелік іс-шараның жоспары құрылып, бекітілді.

Осы орайда, А.Пушкин атындағы ақпарттық технологиялар мектеп – лицейінің базасында «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты онкүндіктің ашылу салтанаты болып өтті. 

Тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыруға,  қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге, тілін, елін сүйе білуге үйрететін бұл мерекелік іс-шараға 5-11 сынып оқушылары белсенді қатысты. Оқушылар авторлық өлеңдерін оқып, тіл тазалығына байланысты көріністер көрсетіп, орта буын оқушылары ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқыды. 

«Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты онкүндік іс – шара жоспары барлық білім беру ұйымдарында жалғасын таба бермек.


Жол-көлік оқиғалары төмендеп келеді
Ауыл тұрғындарының өтініші тыңдалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу