Жол-көлік оқиғалары төмендеп келеді

Oinet.kz 05-09-2022 382

Screenshot_53.png

Қазақстанда ғана емес, дүниежүзі бойынша жол-көлік оқиғалары мен соның салдарынан болатын өлім мен жарақат фактілері азаймай отыр. Адамдардың көлік құралдарына деген сұранысының арту тенденциясымен қатар, оны пайдалану барысында қоғам өміріне қауіп тудыратын жағдайлардың да көбейгендігін байқауға болады. Соңғы жылдары өзектілігін жоғалтпаған өзекжарды мәселеге Президент Қ.Тоқаев ерекше көңіл бөліп, заң бұзушыларды қатаң жазалауды тапсырды.

ҚР Президенті Қ.Тоқаев мас күйінде автокөлік жүргізгендерді қатаң жазалау керектігін тапсырған еді. Қалаларды дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Президент: «Елімізде жол-көлік оқиғаларының көп тіркелетіні алаңдатады. Адамдар қаза тауып, жарақаттанып жатыр. Жол апатынан зардап шеккендер саны басқа елдердегі қарулы қақтығыстардан қаза табатындардың санынан кем емес. Жол қозғалысы мәдениеті айтарлықтай төмендеп кетті, - деп, жол көлік оқиғаларын азайту мақсатында шараларды қабылдау керектігін айтқан болатын.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Түлкібас ауданында ауқымды шаралар атқарылып келеді.Осы орайда бүгін аудан әкімі Нұрлан Байғұттың төрағалығымен кезекті лездемелік жиында аудан көлеміндегі жол-көлік оқиғалары және оны алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар, аудан аумағындағы құрылыс жұмыстарының барысы мен алдағы жылға жоспарлар, индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы мен Машат ауылдық округі және Састөбе кентінде атқарылған жұмыстардың барысы қаралды.

Жол қателікті кешірмейді. Биыл жыл басынан бері аудан аумағында 58 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, өкінішке орай 12 адам қайтыс болып, 80 адам әртүрлі дене жарақатын алған. Өткен жылдың тиісті кезеңінімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 21 пайызға төмендеген. Дегенмен, жылдамдықты арттыру, ішімдік ішіп көлік жүргізу, көліктің техникалық жағдайын бақыламау қайғылы жағдайларға алып келіп отыр.

Аталған мәселені алдын алу мақсатында аудан аумағындағы жол-көлік оқиғасы жиі орын алатын аймақтарға жылдамдықты бақылайтын «Сергек» камераларын орнату жоспарланып отыр. Сонымен қатар, аудан аумағындағы мектеп орналасқан жол бойына жаңа жол кедергілері мен белгілер орнату жұмыстары жүргізіліп, аудандық полиция тарапынан рейттік шаралар күшейтіледі. Бүгінгі таңда жол кедергілері мен белгілерді орнату жұмыстары шамамен 60 пайызға жүзеге асып отыр.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты баяндамашылардан соң жиынды қорытындылаған аудан басшысы тиісті бөлім, мекеме басшылары мен ауыл әкімдеріне біршама тапсырма жүктеді. Атап айтсақ, жол бойындағы орнатылған белгілер мен жол кедергілер стандартқа сай болу керек деді. Аудандық жергілкті полиция қызметінің басшысына талапқа сай емес және заңсыз орналасқан кедергілер мен белгілер анықталған жағдайда хаттама толтырып, айыппұлға тарту керектігін ескертті.

Барлық дербес бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне  тұрғындарымен кездесуде көтерілген мәселелердің орындалуын қатаң бақылауда ұстап, ұжыммен бүгінде қоғамның дертіне айналған сыбайлас-жемқорлықты алдын алу бойынша жиындар өткізіп тұруды тапсырды.    

«Бұлар табиғатында қылмыскер емес адамдар»: заңгер Абзал Құспанпен сұхбат
«Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты онкүндік шарасы бастау алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу