Ауыл тұрғындарының өтініші тыңдалды

Oinet.kz 06-09-2022 303

Screenshot_55.png

Биыл ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әкімдерд­ің халықпен кездесул­ерін өткізу туралы» Жарлығы негізінде жа­ңа форматта өткізіліп жатыр. Барлық деңг­ейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесу­лер өткізіп, жиын ба­рысында халықты толғ­андыратын әлеуметтік мәселелерді тыңдайд­ы.

Осыған орай Түлкібас ауданы Майлыкент ауылдық округіне қарасты орталық саябақта, ауыл әкімі Қ.Ахметов ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесуге ардагерлер, зиялы қауым, ауыл жастары, қоғам белсенділері қатысты. Халықпен кездесуде ауыл әкімі «Округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022 жылдың І және II тоқсанында атқарылған және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстары» туралы баяндамасын жасады.

Кездесу барысында қойылған сұрақтарға ауыл әкімі жауап беріп, көтерілген мәселелердің шешу жолдары мен орындалу кезеңі жайында айтып өтті. Екінші мәселеде тұрған жеке қабылдауға ауыл тұрғындарының өтініштерін тыңдап, кездесу аяқталған соң ауыл тұрғындарының мәселесін дер кезінде шешу мақсатында бақылауға алды. Жиын соңында ауыл ақсақалдары ауыл әкіміне ақ батасын беріп, алғыстарын білдірді.

«Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты онкүндік шарасы бастау алды
Балықтыда жаңа балабақша ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу