Төрт қақпалы - Сайрам

Oinet.kz 16-11-2021 777

Screenshot_25.jpg

Шымкент қаласындағы туристер жиі келетін нысандардың көпшілігі Қаратау ауданына қарасты Сайрам елді мекенінде орналасқан. 

Тарихшылардың айтуынша, төрт қақпалы қала атанған Сайрамнан 7 шақырым жерде Нұх пайғамбардың ұлының қырық метрлік қабірі болған көрінеді. Қаланың орталығында күні бүгінге дейін Қызыр пайғамбардың қабірі бар. Ал, қаланың негізін қалады деген Ыдырыс пайғамбардың атымен аталатын мешіт өткен ғасырдың отызыншы жылдарына дейін сақталған. Қызыл белсенділердің қылышынан қан тамып тұрған заманда осы мешіт жермен жексен етілді, ал оның алдында тұрған, жұрт қасиетті деп санаған тас бағаналар  (жергілікті халық арасындағы аңыз бойынша тас бағаналар Адам ата мен Хауа ана немерелерінің қолымен жасалған көрінеді) ) ізім қайым жоғалған (Осы Сайрам тас бағаналарын мәдени ескерткіштердің тізіміне алғашқылардың бірі болып енгізілуі керектігін жиырмасыншы жылдары Бейімбет Майлин өз мақаласына арқау еткен).

Белгілі тарихшы, археолог Мұхтар Қожаның жазуынша, бағананың немесе ұстынның биіктігі екі жарым метр және  құмтастан қашалған. Тіреудің жоғары және орта бөлігіне жағында әсем, һәм нәзік куфи үлгісінде жасалған жазулар ойылған. Онда ислам дінінің негізгі қағидалары жазылған.

Олардың алғаш оқып аударған 1884 ж. Сайрам ескерткіштерін тамашалаған шығыстанушы Н.И.Веселовский болды. Ол өзінің жарияланбай қалған есебінде: «Сайрамның барлық мешіттері жақын арада қайта салынған және сондықтан оларда байырғы жазулар жоқ. Оларда тек зиаратқа келгендердің жазбалары бар. Олардың тарих үшін маңызы болмаған соң көшірілмеді. Ыдрыс мешітінің бастырмасында құмтастан жасалған бір тіреу назар аударарлық. Онда кейбір өрнектер және арабша «Алладан басқа Құдай жоқ», «Алла жалғыз, Алла әмірші» деп көрсетеді.

ХХ ғ. бірінші жартысында Ыдырыс пайғамбар мешіті қиратылды, ал аталған ұстын қазіргі уақытта Сайрам ауылы музейінің алдында тұр. Аталған ұстын ортағасырлық Сайрамның тас өңдеу өнерінің жалғыз туындысы емес. Санк-Петербургтегі Эрмитажда осы Сайрамнан алынған тағы бір ұстын, ал Шымкенттегі облыстық өлкетану музейінде бетінде жазулары бар тас астау қойылған.

Сансыз туристердің мекені - Сайрам
Тарихи-сакралды саяхат Шымкенттен басталады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу